Жаңартылған энергия көзі бойынша Жамбыл өңірі көш басында
- author «Ақ жол»
- 19 шілде, 2024
- 929
Ресми мәліметке сүйенсек, Жамбыл облысында 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) саны 25 нысанға жетіп, қуаты 2,5 ГВт құрайтын болады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда қуаты 551,3 МВт құрайтын 22 ЖЭК жұмыс істейді. Оның ішінде, 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (251,2 МВт) бар.
Өткен жылы 4 348,6 млн. кВт/сағ. электр энергиясы өндірілсе, биыл 4 560,8 млн.кВт/сағ. электр энергиясын өндіру жоспарланған.
Өңірде ЖЭК дамытуға мүмкіндік мол. Күн, жел және су электр станциясын салуға барлық жағдай қарастырылған. Облыс әкімдігі осы бағыттағы инвестициялық жобаларға басымдық беріп отыр.
Жалпы, алдағы жылдары ЖЭК бойынша үш ірі жобаны іске асыру көзделуде. Атап айтқанда, Мойынқұм ауданында «Total Eren» компаниясы тарапынан қуаты 1 ГВт құрайтын жел электр станциясы, Masdar (БАӘ) компаниясымен Сарысу және Талас аудандарында қуаты 500 МВт жел электр станциясы және China Power International Holding Limited компаниясымен қуаты 500 МВт жел электр станциясы салынады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, Жамбыл облысы ЖЭК қуатымен республикада көш бастаса, нысандар саны бойынша екінші орында тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Сот жүйесінде татуласу тәртібі қалай реттеледі?
- 14 қаңтар, 2025
Тойымыз түзеліп, асымыз астамшылықтан ада болса...
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді