Қазақстанда мал дәрігерлерінен онлайн кеңес алуға болатын сервис іске қосылды
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2024
- 1.1k
Бұл сервис Jailay Online деп аталады. Jailay Online - KMF компаниясы жасап шығарған, Қазақстанның тәжірибелі мал дәрігерлерінен ауылшаруашылық жануарлары бойынша онлайн кеңес алуға мүмкіндік беретін инновациялық сервис.
Компания мамандарының айтуынша, бұл сервисті шығарудағы мақсат – жануарларға күтім жасау процесін жеңілдету арқылы жануарлардың иелеріне сапалы мал дәрігерлік қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету болған.
Jailay Online сервисінің көмегімен жануарлардың денсаулық күйін бағалап, оларға күтім жасау, малдардың төлдеуі бойынша кеңестер алып, шұғыл жағдайларда алғашқы көмекке қол жеткізуге болады.
Jailay Online қызметінің артықшылықтары мынада: шұғыл түрде қажет болғанда тәжірибелі мал дәрігерлерінің кеңестеріне жылдам қол жеткізу, маманды таңдау ыңғайлы болу үшін мал дәрігерлерінің анкеталарымен және олардың кестесімен танысу мүмкіндігі және жануарларға тиімді күтім көрсету үшін кеңес беру тарихын қарау мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, қолданушыға ыңғайлы болу үшін «Мамандар форумы» қарастырылған, онда мал шаруашылығына қатысты кез келген сұрақтарды қойып, мал дәрігерлерінен және өзге қолданушылардан жауап алуға болады. Сонымен қатар, «Вакцинация күнтізбесі» және «Мақалалар» бөлімдерінде мал шаруашылығына қатысты көптеген пайдалы және ұсынымдық ақпарат жинақталған.
Айта кетейік, сервисті қолдану үшін смартфонда KMF мобильді қосымшасы болуы тиіс. Қосымша сұрақтар туындаса 7474 нөміріне хабарласуға болады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін
ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
Ұқсас жаңалықтар
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
"30 жыл тазаланбаған": Жамбылда жер арықтарына көңіл бөлінуде
- 8 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




