Биыл елімізде алғаш рет «Ветеринария қызметкерлерінің күні» аталып өтуде. Әлемнің бірқатар елінде бұл мереке жыл сайын сәуірдің соңғы сенбісінде тойланады. Атаулы күн жануарлардың денсаулығы мен олардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринар мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған.
– Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ветеринария саласында көптеген жетістіктерге қол жетті. Ең бастысы саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының қабылдануы жұмыс барысын жеңілдете түсті. Енді міне, алғаш рет Ветеринария күні аталып өтіп отыр. Осы кәсіби мереке аясында ветеринарлар арасында «Олимпик» жеткіншектерді даярлау орталығының спорт кешенінде шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Оған Тараз қаласы мен аудандардан құралған 13 команда қатысты. Мерекеге арналған турнир де, мерекелік кешіміз де қызықты өтті. Еңбегімен көзге түскен сала мамандары марапатталып, ардагерлерге құрмет көрсетілді, – дейді облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Нұржан Құрмантаев.
Жарыс қорытындысында жүлделі үшінші орынды ҚР АШМ «Республикалық ветеринариялық зертхананың» облыстық филиалы мен Шу ауданының ветеринариялық бөлімі иеленді. Ал екінші орын Қордай командасына берілсе, бірінші орынды Талас ауданының ветеринарлары өз мықтылықтарымен жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан көрінген командалар қаржылай сыйлыққа ие болды.
Мерекелік іс-шара Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Оған облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, басқарма басшысы Нұржас Құрмантаев қатысып, сала мамандарын мерекемен құттықтап, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар тапсырды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




