Президент мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның туғанына 126 жыл толуына орай Т.Рысқұлов ауданы, Луговой станциясына, қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат Балжан Бөлтірікованың туғанына 103 жыл толуы аясында Қордай ауданы, Әлжан Ана ауылына және композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдық мерейтойына орай Меркі ауданы, Ойтал ауылына сый кітаптар жіберді.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай ақын, сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдық мерейтойы аясында Талас ауданының Ойық ауылына және журналист, жазушы Қарауылбек Қазиевтің 85 жылдығына орай Шу ауданының Көктөбе ауылына кітаптар жолдады.
Аталған 5 ауылдық кітапханаға қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармалары топтастырылған 100 кітаптан сыйға тартылды.
Айта кетейік, акция шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді