Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% дейін төмендетті
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2024
- 1.5k
Биылғы мамыр және маусымда жылдық инфляция, Ұлттық Банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасып, біртіндеп төмендеп келеді. Халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі жоғары мәндерден кейін төмендеді.
Жылдық инфляция 2024 жылғы маусым айында 8,4%-ға дейін төмендеді және Ұлттық Банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасты. Баға өсуінің баяулауына азық-түлік тауарларының төменірек инфляциясы, сондай-ақ тарифтік реформаны іске асыру қарқынының бәсеңдеуі негізгі үлес қосуда.
Экономиканың қысқамерзімді экономикалық индикаторға сәйкес өсуі 2024 жылғы қаңтар-мамыр айларында ж/ж 3,7% қалпында бағаланып отыр.
Баға өсімінің бәсеңдеу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттары ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң қалпында сақталады.
Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің елді мекендері 100 пайыз ауыз сумен қамтылды ма?
- 15 қаңтар, 2026
Биыл 1795 тұрғын баспаналы болмақ
- 15 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




