Экономика
«Ауыл аманаты»: 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2024
- 1.7k
«Ауыл аманаты» бағдарлама аясында 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 319 кооператив 6,7 млрд теңге көлемінде қаржы алды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Cонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 8 мың АЕК-ке дейін несие беру көзделген.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушыларға 90,7 млрд теңге көлемінде 14,4 мың шағын несие берілген. Қаражаттың 80%-ы мал шаруашылығына, 4%-ы өсімдік шаруашылығына, 5%-ы техника мен жабдықтар сатып алуға және 11%-ы қызметтің басқа салаларына бағытталған. Бағдарлама шеңберінде салық түсімдерінің сомасы 1,3 млрд теңгені құрады. 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Биыл бағдарламаны іске асыруға 80 млрд теңге қарастырылған, 10,8 мың шағын несие берілді, 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




