ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Осы орайда, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тұрғыны жеке кәсіпкерлік нысанындағы ғимаратына іргелес жатқан қосымша бос жерге құқықтарды рәсімдеу үшін Жаңатас қаласы әкіміне жазған өтінішіне 3 айдан астам уақыт бойы жауап ала алмағандығын көрсете отырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне шағымданған.
Шағымның негізінде Департаментпен жүргізілген жоспардан тыс тексерудің барысында, қызмет берушілермен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі бұзылғындығы анықталды. Қызмет алушының құқығын қалпына келтіру мақсатында Жаңатас қаласы әкімі аппаратына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Нәтижесінде шағым иесінің өтініші бойынша аудандық жер комиссиясы оң шешім қабылдап, қосымша жер учаскесіне жеке меншік құқығын сату жолымен беру туралы қала әкімінің қаулысы шығарылды.
Осылайша, қызмет алушының бұзылған құқығы толықтай қалпына келтіріліп, жеке кәсіпкер өз қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Бұзушылықтарға жол берген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура Конституция жобасын талқылады
- 27 ақпан, 2026
Отбасы құндылығы – оңалтудың негізі
- 27 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




