Ауқымды экологиялық науқан «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» атауымен апта сайын өткізіліп, игілікті шаралар жүзеге асты.
Осы ретте бүгін аудан жастарының қатысуымен Жаңатас қаласынан Саудакент ауылына қарай шыға берістегі «Жасыл белдеуде» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған игі шарада аудан жастары тазалық жұмыстарына ұйытқы болып, туған жерді түлетуге ат салысты.
«Жасыл белдеудегі» талдардың түбі қопсытылып, белдеудің іші қураған шөптерден, күл-қоқыстардан тазартылды.
Акция барысында Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орынбаев сөз сөйлеп, туған жерді таза ұстау, қоршаған ортаға құрметпен қарау әрбір азаматтың басты парыз екендігін айтты. Бұл жұмыстардың күнделікті жалғасын тауып отыру керектігіне тоқталып, аудан жұртшылығын, жастарды тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, акция жыл аяғына дейін жалғасатын болды.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




