Акция қатысушылары аудан орталығы Сарыкемер ауылын жағалай ағатын «Талас» өзені айналасындағы қоқыстарды тап-тұйнақтай тазартып, шөптерді шапты.Сонымен қатар, Сарыкемер ауылындағы тротуар бойларын ретке келітіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Шараға «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, іскер әйелдер қауымдастығы мен мемлекеттік қызметшілердің «Руханият» волонтерлік қозғалысы және партия аудандық филиалының қызметкерлері белсене атсалысты.
- Әрбір тұрғын өзінің ауласының тазалығына, тұрғылықты жеріне жанашырлықпен қараса, ауданымыздың көркейіп - гүлденуі өзіміздің қолымызда екені белгілі. Баршамыздың қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау азаматтық парызымыз - дейді бізге берген сұхбатында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директоры Мұхтар Қозбаев.
Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал, қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




