Бүгінгі таңда Қазақстанның су саласында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің сала мамандарын жеке Facebook парақшасында құттықтады.
«Еліміздің су шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс және отбасында бақыт-береке тілеймін. Су тасқыны кезінде тәулік бойы жұмыс істеген мамандарға ерекше алғыс білдіремін. Климаттық жағдайларға байланысты биыл түрлі қиындықтарға тап болдық. Дегенмен, сіздердің күш – жігерлеріңіз, біліміңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында тасқын суын қауіпсіз өткізіп қана қоймай, еліміздің су қоймаларын суға толтырдық. Бүгінгі мереке күні жақын-туыстарыңызбен бірге атап өтіп, алғыс сөздер мен ақжарма тілектер айтылсын. Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан назардан тыс қалмайды. Барлық қазақстандықтар маңызды жұмысты бағалайды және су саласының мамандарын құрметтейді, - делінген министрдің құттықтау сөзінде.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




