Біздің түсінгеніміз аталған тудың түпнұсқа айшығы батырдың 7-8 ұрпағына ауысып, сақталып келе жатыр. Былтыр барша жұртқа есімі белгілі батыр Жауғаш Қырбасұлының туғанына 290 жыл толыпты. Биыл батырдың өмірден озғанына 242 жыл өткен. Түркістанға жерленген. Сонда мынау айшық кемінде 242 жылдан бері ұрпақтарының қолында сақталып келе жатқан құнды зат екенін аңғару қиын емес. Жауғаш батыр Абылайдың көп сарбазының бірі емес, ең сенімді серігі, ту көтерушісі болған. Жорықтарға шыққанда туды Жауғаш батыр ұстап, талай айқасқа айбаттанып кірген. Аталған музейдің директоры Айдын Бәзіловтың айтуынша, батырдың мұрасы жайлы бірқатар қызықты деректер бар.
– Бұл айшықтың түпнұсқасын 1998 жылы облысқа келген жұмыс сапарында еліміздің тұңғыш Президенті және сол уақыттағы Қырғыз мемлекетінің президенті Асқар Ақаев та арнайы көріп, назар аударған. Осыдан-ақ, сақталған жәдігердің бағасы қаншалықты құнды екенін байқауға болады. Ұрпақтары түпнұсқа айшықты жеті жылда бір рет ғана көпшілікке көрсетіп, Жауғаш батырдың рухына Құран бағыштап отырады, – деді музей директоры.
Айшықтың түпнұсқасы осы кейінгі жылдарға дейін Жауғаш батырдың берідегі ұрпақтарының бірі Зауыт деген қарияның үйінде, Зауыттың анасы Мәйке әженің сандығында сақталып келген. Сол түпнұсқа айшықты көру үшін әйгілі жазушы, көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбай мен белгілі қаламгер Сауытбек Әбдірахманов 2001 жылдың 8 маусымында Меркіге арнайы атбасын бұрып, Мәйке әжеге сәлем беріпті. Айшықтың маңызының қаншалықты жоғары екенін осы оқиғадан да байқауға болады.
Батырдың айшығының көшірме түрінің өзі – музейдің сәні. Күн сайын музейге келіп кетіп жататын жас ұрпақ аталған құндылықты көру арқылы бойына рухани күш алады. Батырлық пен патриоттыққа ұмтылады. Біз де айшықтың көшірме түрін көріп, ерекше әсерге бөлендік. Көшірменің жанында Жауғаш батырдың бюсті де бар екен. Бір-бірімен үйлесіп, келушілерді тарих керуеніне жетелейді.
Есет ДОСАЛЫ
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді