Мұндай іс-шаралардан Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Еңбек ауылдық кітапханасы да қалыс қалмады. Ұйымдастырушылар бұл жиынды облысымыздың 85 жылдығы қарсаңында «Оқитын ұлт» республикалық ұлттық жобасы аясында өткізді.
Іс-шараның мақсат –облыс әкімдігінің қолдауымен жарық көрген жергілікті 24 қаламгердің кітаптарын насихаттау , жергілікті жас ақындардың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақындардың өлеңдері арқылы өз халқына, ана тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятуды көздеген кештің шымылдығы «Қазақ елі!» әнімен ашылды.
Жергілікті өнер иесі Жарқынбек Құдайбергенов әсем әнімен жиынның сәнін келтіріп, қонақтарға шығармашылық табыс тіледі. Ауыл халқын өлең-жырымен сусындатуға келген ақындарды аудандық орталық кітапхананың әдіскері Гүлбағира Сүлейменова таныстырды. Іс-шараға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Нұржан Әліш, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі, Еңбек ауылының тумасы, республикалық жыр бәйгелерінің бас жүлдегері, «Жарық» фестивалінің дипломанты Қуаныш Ауғанбаев пен жас ақын, журналист Нұрболат Аманбек қатысты.
Кездесу кешінде ақындардың жырларын кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар нақышына келтіріп оқыды. Жиын барысында қонақтар өздерінің туындыларын оқырмандарына паш етті. Жыр тыңдауға жаны құмар көпшілік бұл кездесуден ерекше әсер алып, рухани тыныстады. Сонымен қатар, ауданның зиялы қауым өкілдері жаңа кітаптар мен олардың авторлары туралы өз пікірлерін жолдап, жергілікті ақын Қуаныш Ауғанбаевты мақтан ететіндерін қуана жеткізді.
Кеш соңында «Жамбыл қаламгерлерінің жаңа туындылары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева ақындарға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының құттықтауын жеткізіп, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Жанат ТУЛЕНОВА,
Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы.
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет майталмандары бақ сынасты
- Бүгін, 00:34
Жамбылдықтар жалпыұлттық байқаудан жүлделі оралды
- 12 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді