Бақытқа толы бас шаһар

Бақытқа толы бас шаһар
Ашық дереккөз
Гүлдара НҰРЫМОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты

2021 жылдан бері Астана қаласының тұрғынымын. Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде жауапкершілікті сезініп, ел аманатын арқалап еңбек етіп келеміз. Парламент Мәжілісінде отырып, халыққа қолайлы бірнеше заңдардың қабылдануына ықпал еттік. Оның ішінде, медицина саласының дамуына, денсаулық саласын ілгерілету жолындағы тиімді тәсілдерге де ерекше көңіл бөлудеміз.

Астана өзінің тарихи шешімдерімен, осындағы талай маңызды оқиғалардың өтуімен де ерекше. Бас қаланың әлем алдында өзіндік беделі бар. Біз оны бағалауымыз қажет.

Шындығын айту керек, Астана өзінің ажарымен, сәулетімен ерекше құнды, қастерлі қала. Бас қаланың көптеген негізгі құрылыстары мен ғимараттары көпшілікке таныс. Жастардың білім алуына және кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы қала.

Бас қаламыздың күн сайын құлпырып, дамып жатқанына қуанамын. Қаланың әр қадамы ілгері басып, көрсең көз тоймайтын жаңа құрылыстардың бой көтергеніне куәміз.

Астана – жастардың қаласы. Астана – білім мен ғылымның дамуына, экономикалық өрлеуге толы шаһар. Еліміздің әр аймағынан жиналған тұрғындар белсенді. Мұнда келген әр адам бекер жүрмейді, өзінің мақсаттары мен мүдделерін дамыту жолында тыным таппай тер төгеді.

Астана төрінде ғылым мен білімге қатысты байқаулар, спорт пен өнер жарыстары үнемі өткізіліп, оның даңқы жер жаһанға тарап жатады.

Ақордадан еліміздің дамуына қатысты сан түрлі шешімдер шығып, байтақ елімізге жарқын болашақты жақындатуда. Мемлекет басшысының барлық шешімдері бағалы. Еліміздің әр адамы арайлы Астананы мақтаныш санайды. Отанымыздың түкпір- түкпірінен тәулік сайын мыңдаған адам Астананы көруге келіп, сұлулығына тамсанып жатады.

Мен бас қаланың дамылсыз дамығанына қуанамын. Астана күнімен жамбылдық барша тұрғындарды құттықтап, әр отбасына береке, бақыт, амандық тілеймін!

Ұқсас жаңалықтар