
Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған келісімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бірлескен мәлімдемесінде қол жеткізілді.
Бұл бастаманы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақстандық жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет жүзеге асырып отыр. Ортақ жұмыс өз кезегінде ғарышты зерттеуге, білікті мамандарды даярлауға және ортақ спутниктерді әзірлеуге жол ашады. Сонымен қатар микроспутник арқылы жерді қашықтықтан зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік береді.
Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті ғарышқа наноспутниктерді ұшыру бойынша көшбасшы болып табылады.
Жобаның мақсаты – жер қыртысы мен мантиядағы тығыздық гетерогенділігін анықтау үшін спутниктің арнайы жер станциясы мен таратқышты қамтитын гравиметриялық өлшеу жабдықтарын әзірлеу. Бұл жұмыс үлкен тереңдіктегі геодинамикалық процестерді зерттеудің негізгі міндеттерін шешуге арналған.
Сонымен қатар қос университет бірлесіп жүзеге асырған микроспутникті Шанхай ынтымақтастық ұйымы жариялаған Экология жылы аясында және қара шаңырақ ҚазҰУ-дың 90 жылдығы қарсаңында ғарышқа ұшыру жоспарлануда.
Айта кетейік, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғарышқа наноспутниктерді ұшыру бойынша тәжірибесі бар еліміздің жалғыз жоғары оқу орны. Бүгінге дейін оқу ордасы ғарыш айлағына «Al-Farabi-1» және «Al-Farabi-2» наноспутнигін ұшырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Олақ аудармалар ойдан шықпайды
- 12 ақпан, 2025
51 мыңнан астам жамбылдық тұрақты жұмыспен қамтылды
- 12 ақпан, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді