Еске салар болсақ, сауат ашу курстарында ҚМДБ тарапынан әзірленген «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде білім берілді. Күні кеше облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Орталық мешітте ұл-қыздардан жалпы 6 топта 150 шәкірт тәлім алды. Шәкірттерге мешіт ұстаздары мен педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші студенттер дәріс жүргізді. Сабақтың соңғы күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев оқушыларға насихатын айтып, білім алуда әркез шаршамауын үгіт етті. Шәкірттердің ата-анасына алғыс хат табысталды.
Сондай-ақ, бүгін Жамбыл облысы бойынша 50-ден астам мешітте жазғы сауат ашу курсының бірінші легі аяқталды. Облыс бойынша курсқа 1300-ге жуық бала қатысты.
Ақерке БЕКҚҰЛИЕВА,
облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметкері
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




