Президент жолдауында «Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе шешімін таппай келеді. Мен 2025 жылға дейін ауылдық жерлердегі және қала ішіндегі жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім» деп атап көрсеткен еді. Соған қарамастан, соңғы 10-15 жылда Тараз қаласында асфальт төселмеген көшелер бар. Асфальт төселмеген көшелерде өздеріңізге белгілі жауын шашынды күзде, қыста жауған қар ери бастаған кезде, көктемгі жауын шашында тек қана жаяу жүргіншілер емес сонымен жеңіл автокөліктермен жүру де қиын. Себебі, жолдар ойылып автокөліктің асты жерге тиіп, автокөліктер лайға батып, жүргізүшілер ренішін білдіріп жатады, ал оқушылар болса, үсті басы малмандай лай болып мектепке бара алмай үйлеріне қайтып кететін уақыттар да болады. Оқушылардың ата-аналарының біреуінде автокөлік болса, кейбіреулерінде жоқ.
Көшелерге асфальт төсету үшін ауыл немесе қала әкімдеріне көшемізді асфальттатып беріңіз деп шағым жазып жату керек па еді? Әлде шағым жазылмаса көше асфальттанбауы керек па? Қалай ойлайсыздар? Олай дейтінім, көшелердің асфальттануы шағым жазылғаннан кейін және қалалық құрылыс бөлімінің басшыларына шығып шағым айтқаннан кейін басталды. Онда да болса бюджетте бұл көшелерді асфальттауға қаржы қарастырылмаған, қаржы бөлінсе келесі жылдың жоспарына енгізуіміз мүмкін деп шығарып салды. Енді қаржының қайдан пайда болғанын білмеймін, С.Жәңгір, М.Жүзбай және проезд Кольцевой көшелерін «Арайстроймаркет» ЖШС асфальттап жатыр. Көшенің тұрғындары облыс әкімі Ербол Қарашөкеевке, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, осы компанияның бас директоры Арман Еділбаевқа және сол компанияның асфальт төсеп жатқан қызметкерлері мен жұмысшыларына өз ризашылықтарын білдіруде.
Юлдашбай ДӘРІБАЕВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мұнай-газ кафедрасының аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Той тағылым мен талғамды тоғыстыру керек
- 10 желтоқсан, 2024
Қатар сапары: Президент Доха форумына қатысты
- 10 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді