Құжатсыз жүрген шетелдік еліне қайтарылды
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер паспорттың жоғалуы себебінен еліміздің қолданыстағы заңын бұза отырып, 12 жылдан бері біздің елде өмір сүріп келген Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Көрші елдің азаматы 2012 жылдың желтоқсан айында осында жұмыс істеуге келген. Алайда, мұнда болғанын заңдастырмай, еліміздің бірнеше аймағында тұрып, жеке басын куәландыратын құжатын жоғалтқан.
Шетелдіктің құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында тәртіп сақшылары өзбек елінің құзыретті органдарымен байланыс орнатып, оның сол елдің азаматы екенін растайды. Осыдан кейін көрші елдің азаматына құжат рәсімделеді. Бұдан соң, біздің елдің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өзбекстандық азамат сот қаулысының негізінде ел аумағынан шығарылды.
Алаяқтықпен айналысқан азаматша ұсталды
Бұл күнде алаяқтардың қақпапына түсіп, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінетіндер көбейген. Мәселен, жуырда бір ер адам полицейлерге танысының оның атынан екінші деңгейлі банктен 2 миллион теңге шамасында қаражат рәсімдегенін хабарлаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау қызметкерлері бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 48 жастағы азаматшаны анықтаған.
Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында күдікті келіншек оған ішімдік ішкізіп, автокөлікпен облыс орталығына алып келген. Әйел жәбірленушіге банк филиалдарының бірінен бірлескен несие рәсімдеуді ұсынған. Бұл үшін тек бір рет селфиге түсу қажет болған. Алайда, алаяқтық әрекетке барған нәзікжанды өтініш берушіге банктік несие мақұлданбағанын айтып, сендірген.
Бүгінгі таңда осы фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 1-бөлігі, яғни алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ал, күдіктіге келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Түзелмеген түрмеге қайта барады
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 45 жастағы азамат бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Ол бұған дейін есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және өткізгені үшін жабық мекемеде жазасын өтеген. Уақыт өте мінез-құлқындағы оң өзгерістер үшін сот шешімі негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын еркіндікке шығады.
– «Үй қамағында» жазасын өтеу кезінде ол бірқатар бұзушылықтарға жол берді. Тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша үш рет үйінде болмаған. Екі рет мас болған, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылық жасаған, – делінген полицейлер таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, полицейлер тарапынан айтылған сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығармаған ер адам жазасының өтелмеген бөлігін темір тордың арғы жағында өткізеді. Ол соттың шешімімен 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру орындарына жөнелтілді. Жалпы, жыл басынан бері тәртіп сақшыларының өтініші бойынша 11 адамға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығы жойылды.
Іздеуде жүрген жазасын өтеуші құрықталды
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жамбылдық қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері іздеуде жүрген сотталған азаматты құрықтады. Заңды бұзған жазасын өтеушіні өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің аға жедел уәкілі М.Бақытжанұлы Алматы облысының аумағынан анықтаған.
Х есімді 37 жастағы ер адамға жұмыс орнында болмағаны және түзеу мекемесіне қайта оралмағаны үшін іздеу жарияланған.
Қазіргі таңда ол Жамбыл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді