Еркін форматта өткізілген жиынды «Aulieata- Media» серіктестігінің бас директоры Данияр Асқарұлы тізгіндеп, медиа-холдингтың тыныс- тіршілігі мен толайым табыстарына кеңінен тоқталды. Серіктестіктің ақпарат саласындағы атқарған жұмыстары жайында әңгіме өрбітіп, холдингтің ішінен құрылған «Цифрлық контент орталығы» туралы айтып өтті. Бұл орталықтың ақпарат таратудағы маңыздылығын көпшілікке жеткізді.
Сонымен қатар, Данияр Асқарұлы жуырда «Aulieata-Media» холдингіне қарасты үш «Aq jol», «Знамя труда» және «Ar-Ai» газеттеріне онлайн жазылуға мүмкіндік пайда болғанын айта келе, мұндай жаңа мүмкіндік тек еліміз бойынша алғаш болып біздің өңірде іске асып жатқанын сөз етті. Тұрғындар үйінде отырып- ақ «Halyk bank» қосымшасы арқылы қалаған газетіне жазыла алады. Ал, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дархан Акишев журналистердің қоғамдағы орнын атап өтті.
Сондай-ақ, аталған жиынға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев те қатысты. Қасымхан Естемесұлы өңірдегі барлық басылымдарды жанына жақын тұтатынын жеткізіп, көзіқарақты оқырман ретінде өз пікірін айтып, журналистердің саладағы еңбегін жоғары бағалады. Қалам ұстаған азаматтардың әрбір жазылған дүниесіне терең зер салатын қоғам қайраткерінің БАҚ өкілдері үшін орны ерекше екенін оқырман тарапынан айтылуға тиісті сын-пікірлерді де Қасымхан Естемесұлы әлеуметтік желіде жариялап отыратынын жеткізді.
Сондай-ақ, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ермағамбетов, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков және бірқатар аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімдерінің басшылары сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтап, аудан әкімдері атынан журналистерге Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетті.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді