Жиынды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде елдегі сайлау процестерінде журналистердің атқаратын қызметін жоғары бағалады.
– Сайлау – мемлекет өміріндегі ең маңызды саяси науқан. Халықтың билік тағдырын шешіп, таңдау жасайтын сәт. Бұл ретте журналистердің атқарып жүрген еңбегі зор. Десе де, әлі де аймақта халықтың саяси белсендігі төмен. Сол себепті, бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа кеңістігінде үгіт-насихат жұмыстарын күшейту маңызды. Күні кеше «Масс-медиа туралы» заң қабылданды. Мен сіздерді заң аясында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Баршаңызды алда келе жатқан төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Баршаңызға бақыт, жақсылық тілеймін, – деді Серғали Өмірзақұлы.
Жиында сөз сөйлеген «Aulieata-Мedia» ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлы өзі басқаратын медиадағы облыстық «Aq jol», «Знамя труда», «Arai» жастар газеті мен «Jambylinfo.kz» сайты және «Контент» орталығы елдегі саяси науқанға белсене араласатынын және оның әрқайсысы жедел әрі шынайы ақпарат тарататынын жеткізді.
Жиында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық аумақтық комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов, Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев өз аймақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып, тәжірбиелерін ортаға салды.
Мұнан соң Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев мұндай жиынның көпшілікке берер әсері зор екеніне тоқталса, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт 2023 жылы өткен ҚР Мәжіліс және мәслихатттарының сайлауы кезінде орын алған кейбір келеңсіз жағдайларға тоқталды. «Сайлауға 7 саяси партия түсті. Соның ішінде бір саяси партия өздерін жарнамалау үшін қаражат төлесе, қалған алтауы төлемеді. Бірақ, барлығын бірдей көлемде шығардық. Тек, ақша төлеген партияны ғана шығарсақ, басқа партиялар үшін заңсыз болатын болды», – деп, осындай мәселе реттелсе екен деген ойын жеткізді.
Мұнан соң сөз алған ардагер журналист Бекет Момынқұл былтырғы өткен сайлауда кейбір округтерде орын алған келеңсіздіктерді көргенін айтса, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы Мәжіліс депутаттығына Жамбыл өңірінен шығармашылық және өнер адамдары ұсынылса деген ойын білдірді.
Мұнан кейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы мен «Aulieata-Мedia» ЖШС және қалалық, аудандық сайлау комиссиялары жергілікті БАҚ редакторларымен меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Жиын соңында Серғали Айдапкелов «Aulieata-Мedia» ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлына, облыстық «Ғұмыр –Дария» газетінің директор-бас редакторы Жаңабай Миллионовқа, облыстық «Jambуl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаеваға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Алғыс хатын табыстады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Су саясаты сараланған саммит
- Бүгін, 09:49
Анықталған кемшіліктер қашан қалпына келтіріледі?
- 3 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді