Ербол Шырақпайұлы ел дамуының қозғаушы күші, дүйім жұрт пен биліктің дәнекері болып жүрген мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы орны мен оларға жүктелген жауапкершіліктің зор екендігіне тоқталды.
– Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет дамуының қозғаушы күші. Халық пен билік арасындағы алтын көпір. Елімізде мемлекеттік қызметшіге жоғары талап қойылады. Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды табысты іске асыру тапсырылып отыр. Мемлекет басшысының саясатын жүйелі жүргізу жүктелген. Мемлекеттің өркендеуі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне, нәтижелі, ұтымды еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Бұл бәріміз үшін жауапты қызмет. Бүгінгі күні елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құрылып, мемлекеттік қызмет институттары жетілдірілді. Басқару құрамының тиімділігін арттыру үшін шаралар қабылданып жатыр. Мансаптық моделге көшу жүйесі де жүзеге асырылып келеді.
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелерін шешуге, халықпен қарым-қатынасты және өзара іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметке жас дарындарды тартуға, кадр процестерін автоматтандыруға және мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін күшейтуге бағытталған шаралар қабылдануда. Бүгінде Президентіміз талантты жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту мәселесіне де ерекше ден қойып отыр. Облыста қазіргі таңда 4475 мемлекеттік қызметкер болса, оның 2450-і жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері. Ал, жастардың үлесі 1461 бірлікті немесе 32,6 пайызды құрап отыр,– деген облыс басшысы Президенттік жастар кадрлық резерві жобасын да айрықша атап өтті.
Биыл өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталғанын, оған аймақтан 443 үміткер құжат тапсырғанын жеткізген Ербол Шырақпайұлы тұтас елдің дамуы жолында тез әрі дұрыс шешім қабылдай білетін білікті мамандардың еңбегі еш кетпейтінін айтты.
– Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтің қазақстандық бірегей моделі қалыптасып, қоғам сұранысы мен заман талабына сәйкес одан әрі даму үстінде. Мемлекеттік қызметке орналасу және одан шығу рәсімдерін жетілдіру бойынша заңнамаға бірқатар жаңа институттар енгізілгенін білесіздер. Оның ішінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жолында мемлекеттік қызметке білімді де талантты жастарды тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, жоғарғы оқу орындарын жақсы нәтижемен аяқтаған 22 жас түлек облысымыздағы ауылдық және аудандық деңгейдегі басшы лауазымдарға конкурссыз тағайындалып, қызмет атқаруда. Одан бөлек, өңіріміздің жоғарғы оқу орындарының соңғы курс студенттерін мемлекеттік қызметке кәсіби бағдарлау мақсатында жас мемлекеттік қызметші мектебі жобасы жүзеге асырылып келеді. Сонынмен бірге, қазіргі таңда жастарға арналған өңірлік кадр резервіне іріктеу жұмыстары жүргізілуде,– деген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Руслан Шарипов агенттік пен мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын, ондағы енгізілген жаңашылдықтар қызмет сапасын барынша арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Мұнан соң облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев те аймақтағы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Басқосу барысында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы мемлекеттік қызметшілер арасында еңбек етіп жүрген нәзікжандылардың еңбегін де ерекше атап өтіп, бірқатар мамандарды «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді