28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиаданың ЕРЕЖЕСІ
- author «Ақ жол»
- 24 маусым, 2024
- 722
1. Мақсаты мен міндеті
– Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын орындау;
– бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында саламатты өмір салтын насихаттау;
– бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін жаппай дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
– бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнін мерекелеу;
– бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында облыстық команданы іріктеу.
2. Спартакиаданың өткізілуіне басшылық ету
Жарыстың жалпы басшылығын облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ішкі саясат басқармасы жүргізеді.
Жарысты тікелей өткізу облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығына, мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы өткізілген конкурста жеңімпаз атанған ұйымға және жарыстың бас төрешiсіне жүктеледi.
Облыстағы БАҚ-тарды хабардар ету және командаларды қатыстыру облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тарапынан жүзеге асады.
3. Спартакиаданың өтетін орны мен мерзімі
Өткізілетін мерзімі – 2024 жылдың 26 маусым күні Тараз қаласы, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз – Арена» спорт сарайында өтеді.
Жарыстың салтанатты ашылуы 26 маусым, сағат 10:00-де.
Мандат комиссиясы отырысы 25 маусым күні сағат 17:00-де Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.
Салтанатты ашылу рәсіміне 10 спортшы арнайы біркелкі спорттық киімде қатыстырылуы қажет.
Сонымен қатар, спорт түрлеріне қарай спортшылар біркелкі спорттық киімде болуы тиіс.
4. Спартакиаданы өткізу шарты
Жарысқа бұқаралық ақпарат мекемелерінің тапсырыстары бойынша құрама командалар қатысады.
Сонымен қатар, бір спортшының барлық спорт түріне қатысуына рұқсат етіледі.
Спартакиадаға тек бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде үш ай жұмыс істеген қызметкерлері ғана қатыстырылады.
Командалар құрамынан бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс атқаратын қызметкерлері емес спортшылар анықталған жағдайда команда толықтай жарыстан шеттетілетіні қатаң ескертіледі.
Барлық жарысқа қатысушылардың дәрігерлік рұқсаты, жеке куәлігі (көшірме жарамсыз) жұмысқа қабылданған бұйрығының расталған көшірмесі және қатысушының осы мекемеден соңғы үш айдағы зейнетақы қорына аударымы туралы Egov немесе БЖЗҚ алынған растайтын құжаты болуы қажет.
Жарысқа қатысушы спортшылардың баруы мен қайтуына, жарыстың өту барысында, олардың өмір қауіпсіздігіне, денсаулығына және тамақтануына тікелей команда жетекшілері жауапты.
5. Жеңімпаздарды анықтау
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша:
1. Спорт түрлері бойынша жекелей орындар анықталады.
2. Жалпыкомандалық орындар анықталады. Жалпыкомандалық орындар алты спорт түрінен (ерлер, әйелдер бөлек) қатысу нәтижелерінде жиналған ұпайлардың ең көп сомасы бойынша анықталады. Спорт түрлерінен спортшылар қатыспаған жағдайда аталған спорт түрінен командаға «0» ұпай беріледі.
Егер екі немесе одан көп командалардың ұпай саны бірдей болған жағдайда кіші футбол спорт түрі бойынша алған орындарына қарай басымдық беріледі. Бұл жағдайда да командалар тең түссе басымдық арқан тарту спорт түрiнен алған орындарына қарай анықталады.
6. Спартакиаданың бағдарламасы және командалар құрамы
КІШІ ФУТБОЛ
Командалық жарыс. Команда құрамы – 10 спортшы, 1 өкіл. Бір мезгілдегі алаңдағы ойыншылар саны 4+1 адам. Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарыстың өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
Ерлер және әйелдер арасында жекелей жарыстар. Команда құрамы – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыстың өткізілу шарттары төрешілердің алқа мәжілісі отырысында анықталады.
ДОЙБЫ
Ерлер және әйелдер арасында жекелей жарыстар. Команда құрамы – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
ҚОЛ КҮРЕСІ
Ерлер және әйелдер арасында жекелей жарыстар. Команда құрамы – 2 адам (1 ер, 1 әйел). Жарыс абсолюттік салмақ дәрежесінде қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
АРҚАН ТАРТУ
Командалық жарыс. Команда құрамы – 5 спортшы (3 ер, 2 әйел), 1 өкіл. Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС 4х100м
Командалық жарыс. Команда құрамы – 4 спортшы (2 ер, 2 әйел). Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарыс қолданыстағы ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді