Жаңалықтар
Дағыстандағы терактке байланысты Тоқаев Путинге көңіл айтты
- author «Ақ жол»
- 24 маусым, 2024
- 726
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ақордаға сілтеме жасап
Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.
Айта кетейік, күнi кеше, яғни 23 маусымда Дағыстанда екі теракт жасалды. Содырлар бір уақытта Махачкала мен Дербентке шабуыл жасады.
Дағыстанда 24, 25 және 26 маусым аза тұту күндері деп жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді