Бүгінде Константин Эм 10 гектар жерді нағыз құлпынай әлеміне айналдырған. Бұл жобаны бірнеше жыл бұрын әкесі бастаған. Ал, ұлы ата кәсіпті жалғастырып, бүкіл әулетпен осы іске ден қойған.
Қазір бұл аумақта өнім жинау қарқынды жүріп жатыр. Жұмысты күн сайын 30-дан астам адамнан тұратын екі бригада орындайды. Бір күнде шамамен 500-600 жәшік құлпынай жиналады. Шаруа қожалығының басшысы өнімнің сапасына көп көңіл аударады, сондықтан тек ірі, дәмді және піскен жидектер таңдап алынады. Сондықтан болар, Қайнар ауылының егістіктерінде өсірілген құлпынайды еліміздің ірі қалаларындағы дүкендерден жиі кездестіруге болады.
Қазірдің өзінде сегіз тоннадан астам экологиялық таза өнім жиналған. «Биылғы өнім орташа болды», – дейді шаруалар. Бұған ауа райының қолайсыздығы мен былтырғы құрғақшылық әсер еткен екен. Сонда да шаруа қожалығы маусым аяқталғанша 40 тоннадан астам өнім жиналатынына сеніп отыр.
«Надежда – 1» шаруа қожалығы көбінесе «клери» және «чезен» сорттарын өсіреді. Бұл сорттардың негізгі артықшылығы – жидектерде зиянды химиялық қоспалар жоқ және тек табиғи жағдайда өсіріледі. Шаруа қожалығы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттыруға үлес қосып, өнімділігі жоғары дақылдарды алу үшін егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға белсенді. Кәсіпорын тамшылатып суару жүйесін енгізуді және жидек пен көкөніс кластерін дамытуға ниетті. Ол үшін барлық жағдай бар.
Константин Григорьевич өзінің құлпынай брендін одан әрі дамытып, экспортқа шығуды жоспарлап отыр.
–Еріншектерге егіс даласында орын жоқ. Өнімді егуден бастап, соңғы жемісін жинауға дейінгі әр күн тынымсыз, табанды еңбекті талап етеді. Отырғызу алдында топырақты жақсы дайындау өте маңызды. Ол қоректік заттарға неғұрлым бай болса, тамыр жүйесі соғұрлым күшті және жеміс өнімді болады. Биыл арамшөптер әдеттегіден көп, олармен күресуге уақыт жоқ. Дегенмен, егіспен айналысатын шаруалар бәріне дайын болу керек. Шаруалар үшін мәселенің ірі, ұсағы жоқ, барлығын бірдей шешуге тура келеді, – дейді шаруа.
Айта кету керек, құлпынайдан басқа шаруашылық қызанақ өсіруге де маманданған. Бұл көкөніс дақылына бес гектар жер бөлінген.
Константин Эмнің жоспарлары ауқымды. Ол өнімділікті арттырып, алдағы уақытта қызанақ өсіру ісіне де жаңа технологияларды енгізуді көздер отыр.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді