Қазіргі таңда 1700-ден астам азамат орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде қызмет етсе, жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлер саны екі мыңға жуықтайды. Мемлекеттік қызметкерлердің орт аша жасы – 35-45 жас аралығында. Ал, жоғары білімді қызметкерлердің үлесі 93 пайызды құрайды. Атап өтерлігі, Кеңес одағы тұсында бұл салада тәжірибесі толысқан адамдар жұмыс істейтін. Бүгінде жоғары оқу орнын жаңа бітіріп, дипломын алған жас маманның да мемлекеттік қызметке орналасуына мүмкіндігі бар.
Еліміздегі мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделуде. Мұндағы басымдықтардың бірі – мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу. Бұл күнде Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жаңғырту туралы тапсырмасын іске асыру аясында төрт заң қабылданып, бірқатар заңға тәуелді актілер дайындалған. Енді мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтілмек. Шын мәнінде, мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық-нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізумен шектелмесі анық. Мұнда мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдірудің маңызы зор. Ол үшін ең а лдымен мемлекеттік қызметшіге саналы тұрғыда өзгеріс қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда: «Халқымыздың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда, барша еліміз жаңарады», деп саналы өзгеріске деген қажеттіліктің анық пісіп- жетілгенін айтқан болатын.
Жасыратыны жоқ, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінен өзге, олардың қоғамдағы болмысы мен тұлғасына қатысты саналы жаңғыруға бағытталған бірде- бір құжат жоқ. Осы себепті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің саналы тұрғыдан жаңғыруына ықпал ететін, олардың ұстанымдары мен құндылықтарын жүйелейтін арнайы Доктрина жобасын әзірлеу қолға алынды.
Онда мемлекеттік қызметшілердің қоғамның сұранысына жауап бере алатын мақсатты дағдылары, құндылық ұстанымдары топтастырылды. Бұл құжат мемлекеттік қызметшілердің саналы, рухани-адамгершілік тұрғыдан өзгеруіне түрткі болуға бағытталып, олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметін сапалы түрде кәсібилендіруді көздейді.
Мемлекеттік қызметтің біртұтас және тиімді жүйесін құру – әр елдің тарихи, мәдени, ұлттық және басқа да өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетінін халықаралық тәжірибе айғақтайды. Отандық мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын жетілдіру өзге елдердің тәжірибесіне арқа сүйеп қана қоймай, еліміздің дәстүрлі-мәдени, әлеуметтік тарихи факторларын, ұлттық құндылықтарын бір арнаға түйістіріп жүзеге асырылатыны сондықтан.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу әрбір адамнан өткенге құрметпен қарауды, тарих тағылымдарын саналы тұрғыдан сезіну мен ниет тазалығын талап етеді. Ел игілігі үшін адал, риясыз қызмет ететін мемлекеттік қызметші нағыз азамат және Отанды сүюдің үлгісі болуға лайық. Ал, хакім Абай бейнелеген «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» мемлекеттік қызметшілердің бойынан табылуы олардың кәсіби және тұлғалық дамуына айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз. Мемлекетшіл болу, ұлттық мүдделердің мәнін түсіну – тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты, жерді сақтау, табиғи ресурстар мен мәдени мұраны қорғау сынды іргелі құндылықтармен біртұтас болуды білдіреді. Қарапайым халық мемқызметшілерден ортақ игілік үшін еңбек етуді, өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру барысында азаматтардың қажеттіліктерін танып, олардың үніне құлақ асуды күтеді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді