Мерекелік жиында мекеме басшылығы жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, тілектерін арнады.
"Төзімділік, қырағылық, қарапайымдылық деген ұғымдарды бойына сіңіріп қызметтің қиындығына қарамастан анттарына адал болған ерлердің ерліктерін ұлықтау күні.Еңбектеріңіз елене берсін”,- деген мекеме басшысы мұнан соң үздік қызметкерлерді марапаттап, алғысын айтты.
Тарихқа жүгінсек, 1992 жылғы 23 маусымда Жоғарғы кеңес “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы” Заң қабылдады, ол біздің мемлекетіміздің тарихында полицияның міндеттері мен функцияларын, оның құқықтары мен функцияларын анықтаған, полицияның практикалық қызметі үшін құқықтық алаңды қалыптастырған алғашқы акт болды. Ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаттары ретінде Заң жариялылықты, заңдылықты және ең бастысы азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен сақтауды бекітті.
Бүгінде ішкі істер министрлігі – елдегі ең көпфункционалды мемлекеттік органдардың бірі, онда 140 мыңға жуық қызметкер, құтқарушылар мен Ұлттық ұлан жауынгерлері қызмет етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




