Жиынды аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Әбжапарұлы ашып, жүргізіп отырды. Ол әуелі қатысушыларды отырыстың күн тәртібі және жұмыс регламентімен таныстырды. Мұнан кейін, «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Мұқамбетқалиев пен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жадыра Каликов баяндама жасады. Сондай-ақ, басқосу барысында өзге қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, назарға алынды.
Мәселен, №10 Шу колледжінің директоры Тоғжан Мұсаева білім ошағы зауытқа қажетті мамандықтар мәселесі бойынша аталмыш өндіріс орнының өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Ол өз сөзінде бұл колледж аудандағы жалғыз мемлекеттік оқу орны әрі кәсіптік білімге негізделгенін атап өтті. Жалпы, мұндағы студенттердің басым бөлігі әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Сол себепті, алдағы уақытта зауыт жұмысына жергілікті мамандарды тартып, бірінші кезекте осы колледжді тәмамдаған мамандардың жұмыспен қамтылуын ойластырған жөн. Ал, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Өмірәлиев аудан басшылығы шетелдік инвесторлармен меморандумға қол қойған кезде жергілікті халықтың әл-ауқатының артуына және өнеркәсіптің өркендеуіне қатысты маңызды мәселелерді алға қою қажеттігін жеткізді.
Өз кезегінде «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Кенжебекұлы қажетті мамандық иелеріне қатысты мәлімет «Enbek.kz» порталына жарияланатынын, бүгінгі таңда осынау өндіріс орнында тұралап қалған жұмысты жандандыру бағытында тың бастамалар қолға алынғанын әрі зауыт жұмысы жүйеленгеннен кейін өзге де мәселелер бойынша бірлескен жұмысты қолға алуға ниетті екенін тілге тиек етті.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев жауапты тұлғаларға зауыт жұмысын көзбен көру, зерделеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс жұмыстарға қатысты бірқатар мәселелерді назарға алу мақсатында өзге де сала басшыларымен бірге аталған өндіріс орнына жұмыс сапарын ұйымдастыруды міндеттеді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді