Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінгі күні елімізде металды терең өңдеу, мұнай- газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударылуда. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек. Оның ішінде цифрландыру да көзделген. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік басқармасы өнеркәсіп және қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің бас маманы Талғат Шалдарбековтың айтуынша, облыста бүгінгі күні осы талаптан шығып отырған ірі кәсіпорындар баршылық. Солардың қатарында «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы, «Еврохим-Қаратау», «Қазфо сфат» пен «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.
– Облысымыздың өнеркәсіп кәсіпорындарында индустрияны дамыту, жасанды интеллектіні, интернет заттарды және басқа да ІТ-технологияларды пайдалану бойынша реттеу және ынталандыру шаралар кешенін әзірлеу жұмыстары атқарылуда. Мәселен, «АК Алтына лмас» акционерлік қоғамы Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (АЖ) енгізді. Алтын шығаратын зауыттағы технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қорғау жүйесі – бұл авариялық жағдайларды немесе жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуін анықтауға, сондай- ақ, алдын алуға арналған техникалық құралдар, бағдарламалар мен алгоритмдер кешені. Ол температура, қысым, сұйықтық деңгейі және тағы басқа өндіріс процесінің әртүрлі параметрлерін бақылайды. Егер олар белгіленген шектен асып кетсе, басқа да қауіпті жағдайлар туындаса, жүйе процесті тоқтату үшін автоматты түрде әрекет етеді. Бұл апаттардың алдын алуға көмектеседі, қызметкерлердің, жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – дейді Талғат Базарбайұлы.
Бұдан бөлек, өндіріс орнында қауіпсіздік шарасын арттыру мақсатында кен орнында PRTG Network Monitor орталықтандырылған мониторинг жүйе сінің техникалық функциясы кеңейтілді. PRTG Network Monitor орталықтандырылған бақылау жүйесі – бұл ұйымның әртүрлі желілік элементтері мен ІТ инфрақұрылымының күйін үздіксіз бақылау және басқару үшін қолданылатын бағдарламалық құрал. PRTG (Paessler Router traffic Grapher) нақты уақыт режимінде құрылғылардың, желілік трафиктің, серверлердің, қосымшалардың және желілік инфрақұрылымның аспектілерінің күйін бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндіріске SAP ТОРО жүйесі енгізілуде. Бұл кәсіпорынның техникалық жүйелері қызметінің барлық маңызды тапсырмаларын шешуге көмектесетін бағдарламалық жасақтама. Ол нақты уақыт режимінде жабдықтың күйін қадағалап, сақтағысы келетін, ақаулар пайда болғанға дейін техникалық қызмет көрсеткісі келетін компанияларға арналған. Модуль жабдықтың күйін орталықтан бақылауға және тапсырмаларды басқаруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ресурстарды үнемдеуге оң әсер етеді. Сондықтан да карьерде WI-Fi жабдықтары орнатылып, жерасты позициялау жүйесі енгізілуде.
Тыңайтқыштар өндірісімен айналысып жатқан өндіріс ошақтарында да енгізіліп жатқан жобалар аз емес. Атап айтсақ, «Еврохим-Қаратау » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің өндірісінде «корпоративтік жергілікті есептеу желісі» (КЖЕЖ) мен «технологиялық жергілікті есептеу желісі» (ТЖЕЖ) желілерінің қорғалған түйісуін құру жобасын құруды аяқтады. Жобаның мақсаты – корпоративтік және технологиялық желілердің түйіскен жерінде қорғалған және бақыланатын түйін құру. Оны іске асыру өндірістік деректерді бақылау және басқару процесін ашық етеді, технологиялық жабдықты бақылауға және корпоративтік желіге қосылудың кез келген нүктесінен жабдықтың жай-күйіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
– Кәсіпорынның оқу проце стерін басқаруға арналған қашықтықтан оқыту платформасы бар «LMS оқыту» сервисі енгізілді. Ол оқыту, білімді тексеру, нұсқаулықтар үшін оқу материалын жасауға және SCORM, PDF немесе бейне форматтарда кітапханаға нұсқаулықтар мен оқу курстарын жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар өндірістік жарақаттануды төмендетуге, өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігін (ӨҚжЕҚ) арттыруға, жұмыскерлерге жұмысты орындаудың қауіпсіз тәсілдерін оқыту үшін жұмсалатын шығындарды азайтуға бағытталған. Бұдан бөлек, 2023 жылы өндіріске жаңа «Мобильді ТОРО» цифрлық құралы енгізілді. Жүйеде 150-ден астам қызметкер тіркелген және 600 NFC- тегтер сатып алынған, олар арнайы техникада орнатылады және әрбір бірлікті сәйкестендіруге мүмкіндік береді, бар ақауларды тіркеуді автоматтандырады, жағдайды бақылауға және жөндеу жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді, – дейді Талғат Базарбайұлы.
«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серікте стігі бас директорының орынбасары Ерсін Сариевтің айтуынша, бүгінгі таңда серікте стік HP, GPS жүйесі, Cisco, Oracle, Omnicon, SAP жүйесі сияқты IT-индустриясының әлемдік көшбасшыларының технологияларын қолдануда. «Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде отын шығыны азайды, жылдамдық бақылануда, тепловоздардың қозғалысын басқару жақсарды, еңбек тәртібі жоғарылады. Жобалау конструкторлық бөлімі инженерлеріне электрондық сызбалардың мәліметтер базасын жүргізуге, желінің сыртқы периметрін, ішкі желіні және соңғы нүктелерді қорғауға, сонымен қатар Ресейге, ТМД елдеріне, Латвияға, Литваға, Эстонияға, Грузияға және Моңғолияға жүк тасымалдау үшін темір жол тарифін жылдам әрі дәл есептеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе бір жағынан жұмыс уақытын едәуір үнемдеуге көмегін тигізіп отыр», – дейді ол.
Бас маман сондай-ақ, Талғат Базарбайұлының айтуынша, «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серікте стігі цифрландыру бойынша өз өндіріс ошағына «Subcon» бағдарламасын енгізген. Бұл бағдарлама бір мезетте бірнеше технологияны басқара алатындығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, вакуумдық жүйе туралы мәліметтерді жинау және жүйелеу, қозғалтқыштар мен механизмдердің жұмысын бақылау, нақты уақыт режимінде бақылау және интерактивті қадағалау тетіктерін құру жұмыстарымен айналысады.
«Өңірдегі өндіріс ошақт арының қауіпсіздігі мен мүмкіншілігін арттыру мақсатында көптеген жобалар қолға алынған. Сол жобалардың аясында өндіріс ошақтары цифрландыру жүйесіне енгізілуде. Бірінші кезекте заманауи жүйенің игілігін өңірдегі ірі кәсіпорындар көріп, өндіріске енгізді. Осы бағытта басталған жобалар аяқсыз қалмай, барлық өндіріс ошақтарына енгізілетін болады», – деді Талғат Базарбайұлы.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жуалы ауданында үш денсаулық сақтау нысаны ашылды
- 31 желтоқсан, 2024
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді