Бұл мереке – денсаулық сақтау саласы мамандарының ерен еңбегі бағаланатын күн. Дәрігер – сан алуан кәсіптің ішіндегі жауапкершілігі мол ең қастерлі мамандық. Әсіресе, салауатты өмір салтын ұст анатын қоғам қалыптастырып, дені сау ұрпақ өсіруде дәрігерлердің алар орны ерекше. Себебі, ұлт саулығы – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда, бар білімі мен тәжірибесін халықтың денсаулығын жақсартуға арнаған медицина саласының барша қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін.
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударуда. Бүгінгі таңда тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Өткен жылдан бастап «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде 24 нысан бой көтерсе, оның ішінде, 10 ғимараттың құрылысы ұлттық жоба аясында жүзеге асырылды. Биыл 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, орта мерзімді перспективалық аудандық ауруханалар және ауданаралық көпбейінді ауруханалар қайта жаңғыртудан өтеді деп жо спарлануда. Тараз қаласында көпбейінді аурухана, перинаталдық орталық, жедел медициналық жәрдем станциясы, жұқпалы аурулар ауруханасымен Жаңатас қаласында емхана және аурухана салу көзделіп отыр. Бұл – медицина саласына көрсетілген тұрақты қолдаудың жемісі.
Биыл өңірдің медициналық мекемелеріне 125 бірлік техника мен 30 дана санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда. Осы орайда, медицина мамандары заманауи технологиялары мен тәжірибені ұштастыра отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруы тиіс. Бұл – облыстың медицина саласын ілгерілетуге тың серпін беретіні анық. Бар білімі мен тәжірибе сін, ерік-жігерін халықтың саулығын қорғауға бағыттаған баршаңызға Жамбыл жұртшылығы атынан ризашылығымды жеткізгім келеді. Кәсіби мерекеде барлығыңызға мұқалмас ерік- жігер, қайтпас қайсарлық пен батылдық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Сондай-ақ, жиын барысында күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей, түрлі дерттің емін тауып жүрген бірқатар дәрігерлер «Денсаулық сақтау ісіне қо сқан үле сі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Үздіктер арасында облыстық жедел жәрдем ст анциясы басшысының орынбас ары Күлзахира Қызғараева да бар. Қырық жылдан астам уақыт осы салада қызмет ететін майталман маман әріптестері түрлі дертке қарсы ауыр еңбектері арқылы ұлт денсаулығын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып келетінін жеткізді.
Айта кетейік, қазіргі күні облыста 15 мыңнан астам медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2022 жылы 12 мыңнан аса медицина қызметкерінің жалақысы 24 пайызға өсті. Соңғы үш жыл ішінде өңірімізге 34 жас маман келіп, 8 мыңнан астам қызметкер біліктіліктерін арттырған. Кейінгі жылдары жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан соң кадрларды даярлау мақсатында 52 грант бөлінді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді