Басқарма басшысы әуелі аймақтың мәдени, рухани өміріндегі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды кеңінен баяндап өтті.
Айтуынша, 2024 жылы 17 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге 3,1 миллиард теңге қарастырылған. Ағымдағы жылы 8 мәдениет нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қалған 9 нысан қаржыландыру жоспарына сәйкес 2025 жылға өтпелі. Сол секілді биыл 185,9 миллион теңгеге аудандық бюджет қаражаты есебінен Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы аудандық Мәдениет үйі және Т.Рысқұлов ауданы, Д.Қонаев ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, 214,6 миллион теңгеге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 14 мәдениет нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Өз сөзінде басқарма басшысы тарихи нысандардағы жұмыс барысын да атап өтті.
– Ағымдағы жылдың I-жартыжылдығында «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» Жамбыл, Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарындағы ескерткіштерге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен жасалған меморандум аясында Жамбыл ауданындағы Қаракемер, Талас ауданындағы Тамды қалашықтарында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Қарасай петроглифтеріндегі археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталды және қазіргі таңда аумағын ашық аспан асты музейіне бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі, – деді Ерлан Нұрманұлы.
Сол секілді Ерлан Жүнісбай жыл басынан бері өткізілген іс-шараларға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жыл соңына дейін облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы шығармашыл жастардың «Жаңа есім-2024» жобасының Гала концертін, К.Касенов атындағы балалар театр ұжымдарының фестивалін, «Күзгі әуен» классикалық кеші секілді ауқымды іс-шараларды өткізуді жоспарлауда.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді