Бүгін, 14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні

Бүгін, 14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні
Ашық дереккөз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 14 маусымда донорлар күнін атап өтеді.

Жыл сайын Дүниежүзілік донор күнінде барлық қазақстандық қан орталықтары мерекелік іс-шаралар, құрмет көрсету, қан донорларына арналған концерттер ұйымдастырады.

Осы ретте күні кеше Жамбыл облыстық қан орталығында басқаның өмірін құтқару үшін ерікті түрде өз қандарын тапсыратын донорларды марапаттау рәсімі өтті.

Тағылымы мол іс-шарағ Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні. Әр жыл сайын 115 миллион донация тіркеледі. Біздің мемлекет доноцияны дамыту жөніндегі саясатты мықтап ұстанып келеді. Облысымызда жылына 16 мың донация тіркелсе, олар үш мыңнан астам адамның өмірін сақтауға үлес қосады. Мұнда жылына 25 мыңнан астам қан донациясы дайындалады. Барлық донорларды бүгінгі атаулы күнмен құттықтап, барша халықты донор болуға шақырамын», - деді Жанар Оспанова. 

Мұнан кейін басқарма басшысы бірқатар донорларға Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіровтің, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің «Алғыс хатын» табыс етті.

Сондай-ақ шарада  медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың «Алғыс хаты» бірқатар ақ халатты абзал жандарға табысталды.

Айта кетейік, 40 донацияға жеткен донорлар төсбелгілермен, Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарымен марапатталады.  

 

 

Ұқсас жаңалықтар