Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2024
- 598
D-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес болған жағдайда.
D-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы
Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-R-1 354 069 406 714
D-R-3 263 131 302 255
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35 үй №406 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881 e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).
бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің басшысы, санаты D-R-1, (№10-1), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: А БЛОК. Бөлім жұмысын ұйымдастыру, болжау, жоспарлау. Білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Білім беру бағдарламасын іске асыру, азаматтарға міндетті орта білім беруді қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру, міндетті жалпы орта білім беретін мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету. Қорғаншылық және қамқоршылық кеңестің жұмысын жүргізу. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру. Білім беру саласын жетілдірудің басқа да мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, әкім және әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеу.
Білім саласындағы қажеттіліктерді анықтау, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын ескере отырып, білім саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Орта білім беру ісіне, мектепке дейінгі тәрбие мазмұны және жалпы білім беру стандарттары негізінде оқу бағдарламалары мен оқытудың жаңа технологиясы бойынша білім беру ісінің талапқа сай ұйымдастыруын қамтамасыз ету. Білім мекемелерінің қызметтерін талдау, олардың алдағы дамуын болжау. Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процестерді дамыту бағытындағы озық үлгілерді, іс-шараларды жетілдіру, іске асыру. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, тиісті округ әкімдерімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп іс-қимыл жасау. Меншік түріне қарамай білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, нормативті-құқықтық актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс пен қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және оның сақталуын қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында немесе бизнес, басқару және құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.
Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы) немесе құқықтану.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі- зайыптылық) және отбасы туралы» және Еңбек Кодекстерін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі, санаты D-R-3, (№01-2), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: А БЛОК. Өз құзіреті шегінде аудандағы білім жүйесін дамыту мәселесімен және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырумен айналысады. Оқушылар арасындағы пәндік олимпиадалардың, түрлі байқаулардың, ҰБТ өткізілуін ұйымдастырады. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау», «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бойынша жұмыс жүргізеді. Кадр мәселесімен, аудандағы білім мекемелері педагог мамандарды аттестациялаудан өткізуді бақылау, сонымен басқа да ұйымдастыру сұрақтарын шешумен айналысады. Өз қызметінің аясында қосымша білім беру мекемелеріне, балабақшаларға тәжірибелік және теориялық көмек көрсетеді, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мен бақылау, ұйымдастыру сұрақтарын шешумен айналысады. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, жоғары мемлекеттік органдарының актілерінің, аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының орындалуын қадағалайды. Сектор қызметіне басшылығын және бақылауын жүзеге асырады. Оқушылардың білім деңгейіне бақылау жүргізеді. Мектепшілік бақылау мен басшылықтың ұйымдастырылуына бақылау жасайды.
Білім беру мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: педагогикалық ғылымдар саласында немесе бизнес, басқару және құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.
Мамандығы: педагогикалық ғылымдар (жалпы) немесе құқықтану.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын, Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №405, 403 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881, e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді