«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін қала аумағында біршама жерлерде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Мамыр тоғайында» күл-қоқыстан, жабайы шөптерден тазалау, талбалақтау сияқты жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, Б.Момышұлы көшесінің бойындағы аялдамаларды сырлау, жуу жұмыстары ұйымдастырылды және «Ұлы дала» ықшамауданында аумақ тұрғындарының қатысуымен «Біздің аула» атты тазалық жұмыстары жүріп, ағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, волонтерлар да «Әулие бұлақ» каналының бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, акцияға мәдениет, спорт саласының жастары мен волонтерлары, қала тұрғындары және «Жасыл ел – Тараз» мекемесі қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылында жаппай сенбілік ұйымдастырылып, ауылдағы «Ең үздік аула» анықталып, туған өлкенің табиғатын аялауға белсене атсалысқан еріктілер марапатталды.
Апта соңында Қордай ауылының Жібек жолы көшесіне жаппай сенбілік жұмыстар жүргізілді. Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігінің бөлім және мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Жібек жолы көшесі Қордай ауылының басты көшелерінің бірі болғандықтан, сауда орындары мен әлеуметтік нысандар көп. Тиісінше, ауыл тұрғындары мен көлік үзіліссіз жүретін көшенің жол жиегі жиі қоқыстанады. Сондықтан, осы көшеге жаппай сенбілік жұмыстарын жүргізе отырып, қордайлықтарға туған жердің тазалығын сақтау – баршаға ортақ іс екендігін ұғындырсақ екен деген ниетіміз өз нәтижесін берді деген ойдамын. Бұл жұмыстар алдағы апталарда да жалғасын табатын болады, – деп атап өтті Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әнуар Абсеитов.
Жалпы, сенбілік жұмыстарына 100-ге жуық аудан тұрғыны қатысып, жол жиегі мен арықтарды қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді.
Бұған қоса акцияның ауданда қарқынды ұйымдастырылып жатқанына «Ең үздік аула» шарасын айрықша атап өтуге болады. Республикалық экологиялық акцияға белсенді қатысып, өз ауласын таза ұстай отырып, қоғамдық орындарға жасалған сенбілік жұмыстарына да қатысқан ауыл тұрғынын анықтау, игі ісін көпке үлгі ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, конкурсқа қатысушы аулаларды аралап шықты. Талап бойынша, үй айналасын мұнтаздай етіп қана қоймай, көгалдандыру жұмыстарын аула сыртына да жасау маңызды болды. Тазалық жұмыстарын барлық талапқа сай орындап, азаматтық танытқан аула иесін табу аса қиындық туғызған жоқ. «Жа лпы, «Таза Қазақстан» акциясы арқылы Қордай ауылындағы өз ауласының тазалығымен қатар, қоғамдық орындардың да таза, көрікті болуына үлес қосуға ниетті тұрғындардың қатары көп екендігі байқалды. Бұл, әрине қуантарлық жағдай. Арнайы құрылған комиссия мүшелері «Ең үздік аула» номинациясын Қордай ауылындағы Ю.Гагарин көшесі №19 үйдің тұрғыны Болат Байшимирға беріп, арнайы алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
Бұл азамат жыл сайын көктемгі және күзгі абаттандыру айлықтарына белсене қатысып, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін осылай көрсетіп келе жатқан жан.
– «Таза лық т аза лаған жерде емес, таза ұстаған жерде», демекші, ауланың тазалығына, көгалдандыру жұмыстарына баса назар аударамын. Мұны балаларыма да үнемі айтып келемін. Қазір аулада жеміс ағаштары мен гүлдерді баптауға немеремді үйретіп жүрмін. Ауылдың тазалығына әркім өз ауласын таза ұстау арқылы үлес қоса алады. Осыны барша жерлестеріміз, әсіресе жастар ұғынса дейміз. Өйткені, ауылына қарап азаматын таныған елміз. Ендеше, бұл жұмыстарға қордайлықтар жұмыла кірседі деген ойдамын, – деп Болат ақсақал ұйымдастырушыларға батасын берді.
Сол секілді, экоакция аясында Қордай ауылының орталық саябағында «Ең белсенді волонтер» шарасы өтті.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараның басты мақсаты – республикалық акцияда белсенділік танытқан азаматты марапаттай отырып, өзге де ауыл жастарын қоғамдық жұмыстарға тарту, туған жердің тазалығын сақтауға баулу.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы мен Жамбыл облысының құрылғанына – 85 жыл толуына орай, аудан жастары әр сенбі сайын түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырып келеді. Бұл іс-шара да осылардың жемісті жалғасы болары сөзсіз. Акция барысында орталық саябаққа 19 ауылдық округтен келген ерікті жастар жиналып, жаппай сенбілік жұмыстарын жасады. Сенбілік аясында Қордай ауылының тумасы Малика Ерік «Ең белсенді волонтер» номинациясымен марапатталды.
«Еліміздің барлық аймағының жастарымен бірге біздің қордайлық жастар да республикалық акцияға белсенді қатысты, оны тұрғындарға әлеуметтік желідегі парақшамыз арқылы жеткізіп отыруға тырыстық. Ерекше белсенділік танытқандарға алғысым шексіз», – деп атап өтті аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Расул Беделбаев.
Айта кетейік, осындай форматтағы шаралар ауданның басқа ауылдық округтерінде де өтті.
Ал, жалпы экологиялық акцияға ауданда 10 мыңнан астам тұрғын қатысып, 44 мың тонна күл-қоқыс шығарылып, арықтар мен бұлақтар тазартылды.
Туған өлкенің тазалығын сақтап, қоршаған ортамызды қорғаудың қашан да маңызы зор. Осы мақсатта Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жас келіндер» экологиялық байқауы өтті. Өңірде тазалықты сақтап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігі мен ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған байқауға елді мекендерден нәзік жандылар қатысып, өзара бақ сынасты.
– Ауланы таза ұстаудың да өз жауапкершілігі бар. Бүгінде көп адамның бұған аса мән бермейтіні анық, алайда тазалық – мәдениеттің мәйегі саналады. Таза үйге ғана құт-береке енеді. Шаңырағының таза болғаны әйел адамға да қуаныш сыйлайды. Кейде үй төңірегінен өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, сүйсініп жатады, – дейді Гүлдана Өсербай.
Гүлдана Өсербай аталмыш шарадағы жалғыз қатысушы емес. Ауданның тоғыз келіні «Ең таза аула» конкурсына қатысуға ниет білдірген. Айта кетейік, аталмыш додаға байқау шартына сәйкес, тек 35 жасқа дейінгі жас келіндер қатыса алады.
– Әлеуметтік мәні үлкен бастаманың аудан тазалығы үшін ғана емес, тұрғындардың санасына да айтарлықтай әсері бар. Ең басты мақсатымыз – өлкемізді аялап ұстау, қоршаған ортаға құрмет таныту. Бұл баршамыздың табиғат-ана алдындағы қасиетті парызымыз, – дейді іс-шара қатысушысы Алма Әнипаева.
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда арнайы құрылған комиссия қатысушылардың жұмыстарына баға беріп, акцияға белсене қатысқан нәзік жандыларға арнайы естелік сыйлықтарын табыс етті. Ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«Таза Қазақст ан» акциясына Байзақ ауданының тұрғындары алғашқы күннен үлестерін қосып келеді. Бұл шараның негізгі мақсаты – халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштік, туған жерге және қоршаған ортаға деген жанашырлық пен құндылықтарын дәріптеу. Осының аясында ауданда ұйымдастырылған тазалық акцияларына аудан тұрғындары мен жастар, еріктілер көптеп тартылды.
Аудан жастары Сарыкемер ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақтағы батыр ескерткішінің, балалар ойын алаңшасының, скверлер мен демалыс алаңшаларының айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, тазалық жұмыстарына елуден астам адам қатысып, арнайы техника жұмылдырылды. Санитарлық тазалық барысында екі тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылып, 250 шаршы метр аумақ тазаланды.
– Әрбір тұрғын өз ауласының тазалығына, тұрғылықты жеріне жанашырлықпен қараса дейміз. Себебі, ауданымыздың көркейіп- гүлденуі өзіміздің қолымызда екені белгілі. Қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау баршамыздың азаматтық парызымыз, – дейді аудан әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты жастар ресурстық орталығының директоры Мұхтар Қозбаев.
Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта жүргізілген санитарлық-тазалық жұмыстарының соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Онда «Ең үздік волонтер» аталымы бойынша Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме сі директорының Алғыс хатымен мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Бартбек Ерлан, №3 Байзақ колледжінің 3-курс студенті Өксікбай Бағжан, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қатысушысы Аякөз Базарбаева марапатталды.
Республикалық экологиялық акция 10 маусымда «Жамбыл облысындағы тазалық акциясын өткізу күні» деп белгіленіп, Т.Рысқұлов ауданында егілген тал-дарақтарға күтім жасаумен жүзеге асты. Кеше ғана ауданда бюджеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қарақат ауылына барар жол бойында орналасқан «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында егілген талдардың түбі қопсытылып, суару арналары ретке келтірілді. Қоршау, бағаналарын әктеу және саябақ аумағын тазарту жұмыстары жүргізілді.
– Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдап, туған өлкеміздің тазалығы үшін зиялы қауым өкілдерінен бастап, жастарымызға дейін акцияға белсенділік танытып отырмыз. Таза лық өзіміздің ауламыздан басталады. Әркім айналасын таза ұстаса, ауданымыз да таза болады, ал ол дегеніңіз өз денсаулығымыздың кепілі – деді Т.Рысқұлов ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов акцияға қатысушылар алдында.
Эко акция барысында «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік танытып жүрген қоғамдық жұмысшылар арасынан «Ең белсенді тұрғын» атты марапаттау шарасы ұйымдастырылып, жастар ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен «Жастар спортты қолдайды» атты футболдан жарыс өтті.
Жалпы, Т.Рысқұлов ауданының белсенді тұрғындары мен қоғамдық қызметкерлердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың және ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің атсалысуымен барлығы 12 мыңға жуық тұрғын қамтылған. Жоспарлы ке стеге сәйке с, 1100 тал-дарақ отырғызылып, 40 шақырым арықтар мен каналдар, 18 саябақ, 15 сквер аулалары тазаланып, ағаштарды әктеу жұмыстарымен қатар, 600 тонна күл- қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 15 ауылдық округ тұрғындарының 50-ден астам зейнеткері мен Ұлы Отан соғысы ардагерінің, тыл еңбеккерлерінің тұрғын үйлерінің аулаларына сенбіліктер ұйымдастырылып, игі іс-шараға 200-ден астам белсенді жас қатысқан.
Аудан орталығындағы Құлан агротехникалық жоғарғы колледжінің аумағына ауыл ардагерлері мен колледж студенттерінің атсалысуымен 60 түп сән ағаштары және аудандық орталық аурухананың аумағына 30 түп жеміс ағашы отырғызылыпты.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Шу өңірінің тұрғындары да белсене атсалысуда. Мәселен, жақында ғана жүзге жуық жергілікті азамат мұндағы шомылу орындарының маңын күл- қоқыстан арылтып, арық-атыздарды тазалады. Ал, Төле би ауылдық округінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары мен қоғамдық жұмысшылардан құралған топ жұмылдырылды. Аталған округтегі орталық алаңды қоқыстан арылту шарасында жалынды жастар мен еріктілердің жүйелі жұмысы жұртшылықты сүйсінтті.
– Мемлекет басшысының бастамасын қасиетті Шу өңірінің халқы бірауыздан қолдайды. Дәл қазір ауданымыздың орталығы мен шалғайдағы ауыл-аймақтарда тазалық жұмыст ары ұйымдастырылуда. Санитарлық шаралар барысында көшелер, жол жиектері, арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары қолға алынып жатыр. Бүгінгі т аңда әсіре с е, шомылу орындарының маңында экологиялық іс-шаралар жүргізілуде. Шын мәнінде, бұл қоршаған ортаны аялау мен тұрғын үйлердің айналасын жасыл желекке көмкерудің айқын көрінісі, – дейді Төле би ауылдық еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы Мыр захан Құрманбеков.
Халқымыз «Ауылына қарап, азаматын таны» деп тазалыққа аса ден қойған. Өйткені, тазалық пен тәртіп кез келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындар мәдениеттілігінің өлшемі.
Мемлекет басшысы бекіткен «Таза Қазақстан» атты республикалық экологиялық акциясы аясында аудан орталығы – Мойынқұм ауылында орналасқан «Керей мен Жәнібек» ескерткішінің маңы мен «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» жазуының айналасындағы қоқыстар тазартылып, ауыл ажары ашыла түсті.
Аудан орталығында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, спортшылар мен жастар жұмылып, белсене атсалысты.
– Аталған акция аясында үнемі сенбілікке шығып, өз ауылымыздың т аза лығын с ақт ауға ат с а лысып отырамыз. Игі іске белсенді қатысу – тұрғындардың елжандылығын, ауылға деген жанашырлығын көрсетеді. Әр адам өз үйінің, ауласының айналасы таза болғандығын қалайды. Сенбілік аясында ауыл халқы да түгелдей өз аулаларын тазалап, ауылымыз біршама көркейіп қалды. «Тазалық – денсаулық кепілі» екенін ескерсек, өз ауылымыздың тазалығы балалар мен аудан тұрғындарының денсаулығының мықты болуына бірден бір себеп, – дейді белсенді жастардың бірі, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері Нұрсұлтан Биділдә.
Жалпы, шарапатты шара аясында 100 шаршы метр аула тазаланып, ескерткіш маңындағы 25 ағаш пен 15 бағана әктеліп, сырланды.
Сарысу ауданында «Таза қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар жұмыстар жүйелі түрде әрі үздіксіз орындалуда. Ел аумағында басталған бүкілхалықтық акция барысында аудан жұртшылығы іс- шаралардың желілік кестесі бойынша жұмыс істеді.
Бүгінгі күнге дейін жоспарға сәйкес 150-ден астам сенбілік өткізіліп, оған 5000- нан астам тұрғын қамтылды.
«Таза өлке » апталығында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлері тарапынан іргелес аумақтар мен белгіленген аулалар тазаланды. Аталған шараға 40-тан аса мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын жұмылдырылып, 300-ге жуық адам қамтылды.
Келесі «Киелі мекен» апталығының жалғасы ретінде тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Сарысу ауданында орналасқан жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени 68 ескерткіш қамтылды.
Экологиялық акция «Жасыл аймақ» апталығымен де жалғасын тапты. Ол кезең ағаш көшеттерін отырғызу және көшеттерді әктеумен ерекшеленді. Өткізілген әр сенбілік жұмыстары Жаңатас қаласы және ауылдық округтерде кеңінен жүзеге асырылды. Белгіленген аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылып, аудан бойынша 6000-нан астам тал көшеті отырғызылды.
Сонымен қатар, «Өнегелі ұрпақ» апталығы бойынша жұмыстар ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналды.
Қала және елді мекендерде еңбек және тыл ардагерлері, ардагерлер ұйымы және жалғызілікті қарияларға үй шаруашылығына көмектер көрсетілді.
Сондай-ақ, Жаңатас қаласында «Таза Қазақстан» саябағы ашылды. Жаңа саябаққа Жамбыл облысының, 85 жылдығына орай 85 шырша, 3 мыңнан аса тал көшеттері отырғызылды.
Игі шаралардың жалғасы «Мөлдір бұлақ» апталығымен жалғасты.
Осы аптада өзен-көлдер, су тоғандарының жағалауларын қоқыстан тазарту, бұлақтардың маңын тазарту және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жалғастырып, жандандыру бағытында Жаңатас қаласындағы «Комсомол» көлі мен Ақбұлақ бастауы тазаланылып, көріктендірілді.Саудакент аулындағы «Шоқай Датқа» кесенесінің жан-жағы тазартылды.
Сондай-ақ, «Ең үздік аула» акциясы аясында аудан орталығындағы шағын аудандар мен елді мекендерде тазалық шаралары жүргізілді.
Дайындаған «Aq jol» газетінің тілшілер тобы.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді