Сондай-ақ, ол еліміздің әр өңірінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай 240-тан астам педагог Оқу-ағарту министрінің атынан ведомстволық наградалармен марапатталғанын айта келе, бұл – ұстаздарға деген ерекше құрметтің белгісі екенін жеткізді.
Жиын барысында облыстың білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін ұстаздарды «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.
Аталған төсбелгімен марапатталғандар тізімінде Меркі ауданы, В.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Назира Бектіғұлова, Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Райма Мамбетиярова, Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Меруерт Қуатбекова, Қордай аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жетекшісі, педагог-шебер Сауле Бахрамова, Шу ауданы, М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің география пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Анар Баетова, Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Гульмира Помашева, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Сауле Айдарбековалар бар.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді