Акция аясында Amanat партиясы облыстық филиалының қызметкерлері Тараз қаласының «Арай» алабындағы қоқыстарды жинап, табиғат аясын тазалады. Оған партия мүшелері, «Жастар Рухының» белсенділері, мәслихат депутаттары қатысты.
Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдастықты еліміздің экологиясын қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жалпыұлттық жұмысқа шақырып, бастама көтерді. Amanat партиясы Президенттің бастамасын бірауыздан қолдап, «Таза бейсенбі» республикалық акциясын өткізу дәстүрін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл – еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын жауапты азаматтық қоғам құруға мүмкіндік береді деп санаймыз, – дейді Д.Бейсенқұлов.
Аталған іс-шара Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Шу және Меркі аудандарында да өтті. Айта кетейік, «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта әр апта сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын болады.
«Aq-jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




