Жамбыл облысының дарынды мектеп оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосуда. Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығында 600-ден астам тәрбиеленуші қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алған.
Орталық тәрбиеленушілері тәжірибелі жетекшілерімен бірге жиналған қоқыс қалдықтарынан 200-ден астам түрлі картиналар, қуыршақтар мен ыдыстар жасап шығарған. Мұндай жұмыстарды орталық тәрбиеленушілері алдағы уақытта жалғастыруды көздеп отыр.
Сонымен бірге, облыстың жас ғалым оқушылары экологияны жақсартуға, адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналған жобалар әзірлеген. Атап айтқанда, Тараз қаласы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Д.Тарасенконың «Жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін арттыру», Меркі ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Ж.Жеңісханның «Таза қала сізден басталады», Жуалы ауданы №15 Ә.Бөкейхан атындағы мектеп лицейінің оқушысы А.Оңдасынның «Ақылды Есо-жылыжай», Меркі ауданы №44 мектебінің оқушылары А.Еркінқызы мен Ө.Еңсебектің «Екінші өмір сыйла!» атты қоқыс өңдейтін зауыт жобалары «Көне-Тараз» этно-мәдени кешеніндегі «Көрме» залында таныстырылды.
Жамбыл ауданының Ерназар ауылының келіндері арасында «Ең таза аула» конкурсы ұйымдастырылуда. Конкурсқа 9 келін қатысып, акцияға белсенді қатысуда. Конкурстың мақсаты – тазалықты сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігін, татулығын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.
Арнайы құрылған комиссия конкурсқа қатысушылардың жұмыстарына баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, облыстың барлық аудандарында «Ең таза көше», «Ең таза аула», «Ең белсенді волонтер» конкурстары өткізілді. Атап айтқанда, Тараз қаласы «Ұлы дала» ш/а «Біздің аула», Байзақ ауданында «Ең үздік волонтер», Сарысу, Қордай аудандарында «Ең үздік аула», Т.Рысқұлов ауданында «Ең белсенді тұрғын», Талас ауданында «Ең үздік көше», Шу ауданында «Ең үздік аула сыпырушы» конкурстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, осы күні волонтерлардың, белсенді азаматтардың, тұрғындардың қатысуымен Тараз қаласы мен аудандарда сенбіліктер, тазалық жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Мамыр» саябағында 200-ден астам қала тұрғындарының қатысуымен санитарлық-тазалық жұмыстары, Талас өзенінің бойында, Айша бибі көшесінде тазалық жұмыстары, Б.Момышұлы көшесіндегі аялдамаларды бояу, жуу жұмыстары, «Ұлы дала» шағын ауданында «Біздің аула»атты тазалық жұмыстары, «Қарасу» шағын ауданындағы «Әулие бұлақ» каналын тазалау жұмыстары. Осындай акциялар барлық ауданда өтеді. Атап айтқанда, Байзақ ауданының орталық саябағында, Жамбыл ауданы Айша бибі кесенесінің маңында, Қордай ауданының орталығында, Меркі ауданында «Сыпатай батыр», Сарысу ауданында «Шоқай Датқа» кесенелерінің маңында, Шу қаласы теміржолшылар саябағында өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 2024 жылы облыста жол жөндеу жұмыстарына 23,1 млрд. теңге қарастырылып, 469,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, 155,3 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, 286,2 шақырым елді мекен көшелері мен 28,1 шақырым жаяу жүргіншілер жолы. Тараз қаласында 140 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді. Оның ішінде 67,8 шақырымды құрайтын 117 көше, 20,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы, 73,8 шақырым болатын шағал жолды жөндеу жоспарланған.
Еске сала кетейік, акция басталғаннан бері 1770 сенбілік өткізіліп, 220 мың адам тартылды. Нәтижесінде 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 109,1 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 11,4 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылған. 2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 10,3 млрд. теңге қарастырылған.
Акция жыл соңына дейін жалғасып, тұрғын үйлер, жолдар, халыққа арналып салынған демалыс саябақтары жөнделетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді