«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстанда цифрлық топтық қаржыландыру пайда болды

Қазақстанда цифрлық топтық қаржыландыру пайда болды
Ашық дереккөз
Қазақстанда тұңғыш рет цифрлық топтық қаржыландыру пайда болды. KMF компаниясы өз клиенттеріне жаңа сервисті ұсынды. Енді топтық микрокредит алғандар өз топтарына жаңа мүшені онлайн қоса алады.

KMF компаниясы елімізде алғашқылардың бірі болып қаржыландыру нарығына топтық микрокредитті енгізген болатын. Ширек ғасырдан аса уақыттан бері компания клиенттері түрлі топ құрып, кепілдікке бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті қойып, 7 миллион теңгеге дейін қаржыландыруға қол жеткізіп келді. Енді олар топқа жаңа мүшені онлайн қосады. Компания қызметкерлерінің айтуынша, мұндай сервис клиенттері үшін аса маңызды.

KMF клиенттерінің басым бөлігі – кәсіпкерлер. Ал кәсібі бар жандар үшін әр минут есептеулі. Топтық микрокредитті алушылардың да көпшілігі – кәсіп иелері. «Достар» деп аталатын топтық микрокредитіміздің шарты бойынша топта 2-ден 10 адамға дейін бола алады. Бұрын топ мүшелері жаңа қатысушыны қатарларына қосу үшін бөлімшеде жиналып, құжаттарға қол қойып, топқа кіруге рұқсаттарын беретін, енді оған уақыт жоғалтудың қажеті жоқ, барлығы онлайн, – дейді KMF Басқарма төрағасының орынбасары Күлсара Сапарбекова.

Топқа жаңа мүше болып кіру үшін топтағылар шақырту хабарламасын жібереді. Хабарламада KMF мобильді қосымшасын жүктеу сілтемесі көрсетіледі. Одан әрі нұсқаулық бойынша командаларды орындап, тіркеуден өтеді. Хаттамаға топтың барлық қатысушысы келісімін бергеннен кейін топқа кіргізу операциясы аяқталады.

«Достар» топтық микрокредитінің ерекшелігі – кепілдікке достықтың қойылатыны. Ендігі таңда оның онлайн болатыны бұл өнімнің тағы бір өзгешелігі болмақ. Тіпті біздің нарықта оның аналогы жоқ десек те артық емес», – деді К.Сапарбекова.

Айта кетейік, 5 маусымда компания «Достар-Онлайн» деп аталатын науқанды бастады. Науқан 2024 жылдың 5 тамызына дейін жалғасады. Құрамы екі адамнан кем емес жаңа топ құрып немесе бұрыннан бар топқа бір және одан да көп жаңа қатысуша қосқандар, сондай-ақ, топ мүшелері науқан кезеңінде 500 000 теңгеден жоғары сомаға микрокредит алғандар науқанның ұтыс ойынына қатыса алады. Ұтысқа кәсіпті дамытуға арналған 2 миллион теңге грант пен 50 смарт теледидар тігіледі. Ұтыс ойыны биыл тамыз айында өтеді.

Науқан шарттарымен толығырақ 7474 нөмірі арқылы немесе kmf.kz/kz/dostar сайтынан білуге болады.

 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Ұқсас жаңалықтар