ісі уақытша тоқтатыла тұрады
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу ісі елімізде уақытша тоқтатылатынын айтты. –Парламенттен жобаны тоқтата тұрсақ деген ұсыныс түсті. Біз, әрине, мүлдем тоқтатамыз деп айтпаймыз. 12 жылдық білім моделін қазіргі 11 жылға қосамыз, – деді Білім және ғылым министрі. Еліміздің бас мұғалімі бұл амалсыздан қабылданған шешім дейді. Өйткені, 12 жылдыққа көшуге бюджеттен қыруар қаржы жұмсау керек екен. Ал әлемдік дағдарысқа байланысты қазынадан мұндай ақшаны әзірге бөлуге болмайды. Оның үстіне, елдегі білім ошақтарының жағдайы да сын көтермейді. Құлағалы тұрған білім ордаларының орнына әлі 149 мектеп салу қажет. Бұдан бөлек, ұстаздар мен оқулықтардың тапшылығы тағы бар. – Дегенмен, қаншама еңбекті жоқ қылып, жобаны тоқтатып тастауға болмайды. Қаншама мұғалімді әзірлеп, кітаптарды жаңаладық. Соның бәрі босқа кете ме? Бұл – Батыс елдерінде бар тәжірибе. Әрине, тым қымбат жоба. Бірақ, біз одан мүлде бас тартпауымыз керек, – дейді, 12 жылдық білім беруді дамыту орталығының алғашқы жетекшісі Сәулеш Мұқанова.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




