Бибарыс Бакуде олжа салды

Бибарыс Бакуде олжа салды
Ашық дереккөз
Жамбыл топырағы қай кезде де талантты спортшыларға кенде емес. Оны қазіргі таңда алдыңғы ағалардың ізін жалғастырып келе жатқан ізбасарларының жеңістері дәлелдеп келеді.

Жуырда Әзірбайжанның астанасы Бакуде бокстан аталған елдің Тұңғыш Президенті Х.Әлиевты еске алуға арналған халықаралық турнирге облыстық Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спортшылары да қатысып, табысты өнер көрсетіп қайтты. Атап айтқанда, 63 килограмда жұдырықтасқан Бибарыс Әшірбай чемпион атанса, 57 килограмда ел намысын қорғаған Ақжүрек Қалабай мен 52 килограмда жұдырықтасқан Темірхан Жолмахан қола жүлдеге ие болды. Бибарысты осы жарысқа баптаған Нүркен Рахманқұл. Сонымен қатар, Арман Тайсеңгіров, Ербол Алпысбаев секілді жаттықтырушылардың да еңбектерін айта кеткен жөн.

Бұдан бөлек, суда жүзуден ересектер арасында Талдықорған қаласында өткен ел чемпионатында Мансұр Балтемір мен Жақсылық Абдулазиз қола жүлдеден көрінді. Ал, Алматы қаласында суда жүзуден жастар арасында өткен ел чемпионатында Ксения Крухмелева күміс жүлдегері атанды. Суда жүзу шеберлерін аталған жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Олег Гаммель.

Орталық спортшыларының жеңісті жорықтары алдағы уақытта да жалғаса бермек.

 

Әшірәлі КЕНЖЕҒАРА,

облыстық Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.

Ұқсас жаңалықтар