Қажылық-2024: рұқсатсыз қажылық жасағандарға айыппұл салынуда
- author «Ақ жол»
- 6 маусым, 2024
- 1.6k
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мәлімдеді.
Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қажылық жасауға және рұқсатты заңсыз алуға тыйым салу саясаты қамтылған аймақтарға Мекке қаласы, орталық аймақ, қасиетті жерлер, Харамайн теміржол станциясы, бақылау-өткізу пункттері, тексеру орталықтары және уақытша бақылау бекеттері кіреді. Ереже 2024 жылдың 20 маусымына дейін күшінде болады.
"Кез келген адамға – азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге қажылық ережелерін бұзғаны үшін 10,000 саудиялық риал (2666 АҚШ доллары) айыппұл салынады, ал азаматтығы жоқтар өз елдеріне депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдап жүрген кез келген адам 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 50 000 риалға дейін (13 328 АҚШ доллары) айыппұл төлейді және тасымалдауға пайдаланылған көлігі тәркіленеді", - делінген ресми хабарламада.
Қоғамдық қауіпсіздік егер заң бұзушы резидент болса, ол жазасын өтегеннен кейін депортацияланатындығын және заңға сәйкес белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруіне тыйым салынатындығын хабарлады.
Тасымалданған адам санына байланысты тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері өседі.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




