Электрондық депозитарий – Қазынашылық жүйесінде жаңа бағыт
- author «Ақ жол»
- 6 маусым, 2024
- 485
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 8-тарауына сәйкес, электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу жүзеге асырылады.
Электрондық депозитарийге әлеуетті өнім берушілердің тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджет қаражаты есебінен және бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері арқылы қарайды.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың анықтығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады.
2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын:
тапсырыс беруші немесе меншік иесі;
әулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган не құрылыс объектісі орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган растайды.
Құжаттар осы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады кемінде бір тұлғадан растау болса.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын пайдалануға енгізілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрс етілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігін:
тапсырыс беруші немесе меншік иесі;
құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган растайды.
Әлеуетті өнім берушінің жобалау бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибе сін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындыларымен расталады.
Соңғы бес жылдағы техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау актілерімен расталады.
Қазынашылық органдарының деректері негізінде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша:
тапсырыс берушінің немесе меншік иесінің;
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның не құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде расталады.
Бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаментінің электрондық депозитарий бөлімі 2174 мәліметтер мен құжаттарды қарады, оның 1036 расталды, 1138 қайтарылды.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарий дамуы мен жетілдірілуін жалғастыруда, бұл Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Ж.БУХАШЕВ,
Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді