
«Халық заңгері» акциясын өткізу елімізде дәстүрге айналып, соңғы жылдары игі іс-шара қарапайым халықтың алғысына бөленіп келеді. Акция бастау алған 2016 жылдан бері шараға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысқан. Содан бері құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алған.
– Аталған акцияны өткізу дәстүрге айналып келеді және облыс тұрғындары үшін пайдасы көп деуге болады. Себебі, халықтың құқықтық сауаттылығы артып, мемлекеттік билік органдарына арыз-шағым беру тәртібі, мәселелерді шешу жолдары бойынша кеңес беріледі. Сондықтан да, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету үшін осындай іс-шаралар қажет. Биылғы акцияның ерекшелігі, тек Тараз қаласында емес, облыстың барлық он аудан орталығында бір уақытта ұйымдастырылуда. Біз облыстық әкімдікпен бірлесіп тиісті ақпараттандыру жұмыстарын жүргіздік. Осындай құқықтық көмек көрсету акциясы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ» аясында аудандарда көшпелі кеңес беру алаңдарын ұйымдастыратын боламыз, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров.
Биыл акцияға адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік орган басшыларынан құрылған 200-ден астам заңгер қатысып, 500-ден астам облыс тұрғынына құқықтық консультация берілді. Сондай-ақ, іс-шара барысында сарапшылар жер, тұрғын үй, отбасылық мәселелер, мұрагерлік, еңбек дауы, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді