Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 миллионға ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында хабарлады.
Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі таңда елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 миллион бала білім алады.
Сондай-ақ, комитет төрағасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне де кеңірек тоқталды.
– Елімізде 21 мың жетім баланың 17 600-і отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын азаматтар 1 мыңға жуық жетім баланы өз отбасына алады. Тәлімгерлік институты енгізіліп, 300-ге жуық адам жетім балаларға тәлімгер болды, - деді спикер өз баяндамасында.
Айта кетейік, министрлік тарапынан мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Алимент өндіру неге қиын?
- 6 желтоқсан, 2025
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




