Жұмыс орындалса да, көшелер толығымен қалпына келтірілместен, жарым-жартылай орындалған күйінде қалып кетеді. Істелген жұмыстың сапасы да өте төмен, қазіргі заман талабына сәйкес келмейді. Салдарынан 2-3 жылдан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерде қайтадан жөндеу жұмыстары жоспарланады. Шыны керек, қала аумағында тұрып, ХХІ ғасырда осындай жағдайда өмір сүріп жатқанымызға қатты қынжыламыз. Біз қалада емес, елсіз далада тұрып жатқан сияқтымыз. Аталған көшеде тұрып жатқанымызға 10 жылдан асып кетті, ешқандай өзгеріс жоқ. Қоршаулар астындағы іргетастың биіктігі 65-70 сантиметр еді, жылда топырақ араласқан шағалдарды төге беріп, олар толығымен дерлік көрінбей қалды. Жаңбыр жауып, қар ерісе, саз аралас балшық су көшеден үйдің ауласына ағып кіріп, ауланы ластайды. Автокөліктердің де кіріп-шығуы қиын. Жалпы, Таразда неге көшелер жыл сайын қазыла береді?
Негізі жаңа құрылған көшелерде тұрғындар көшіп келгенге дейін инфрақұрылым толығымен қамтылған болуы керек. Бірақ, осыдан екі жыл бұрын кәріз жүйесін көшеміздің тұрғындары өз қаражаттарына жүргізді. Оған дейін кәріздің орнына әрбір тұрғын өзінің ауласында жерді қазып, сол жерде жинады. Ол толған кезде арнайы автокөлік жалдап, қалдықтарды шығарып отырды.
Көшелерде инфраструктураны жүргізерден бұрын атқарылуы тиіс жұмыстар неге кешенді түрде орындалмайды? Әлде жеке-жеке қарастыруда қандай да бір мақсат бар ма? Менің айтайын дегенім, газ тарту, кәріз жүйесін жасау, топырақ араласқан шағалдарды төгу (бірнеше рет) жеке-жеке орындалады. Неге осындай жұмыстар кешенді түрде жүргізілмейді? Жұмысты кешенді түрде жүргізсе әрі арзан, әрі сапалы болар еді.
Тоқетерін айтсақ, қыста қар жауып, ерте көктемде еріген кезде және жауын-шашыннан кейін көшеде жаяу жүру, тіпті көлікпен өту мүмкін емес. Автокөлік жүргізушілері қазылған көшелерде сапасыз атқарылған жөндеуден көліктеріне зақым келіп жатқанын айтып, налиды. Көшенің батпан балшығынан оқушылар мектепке бара алмай қалатын жағдайлар да кездеседі. Көбінесе жаяу жүргіншілер мен оқушылар аяқ киімінің сыртынан целлофан киеді. Олай етпесе тізесіне дейін лайға малынады. Қашанғы бұлай күн кешеміз!
Юлдашбай ДӘРІБАЕВ
М. Х. Дулати атындағыТараз өңірлік университеті су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты
«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидиты PhD докторы.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Асфальтталған көшенің сапасы көңіл көншітпейді
- 3 қазан, 2024
Жүйелі жұмыс жол сапасын жақсартады
- 3 қазан, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді