ГН ретінде қызмет атқару үшін нұсқама белгілі бір жерден (географиялық аумақтан) шыққанын растау керек.
Мысалы, Алматы апортының бірегей қасиеттері алма ағаштарының өсетін жерінің ерекше қасиеттерімен тікелей байланысты – бұл теңіз деңгейінен 900-1200 метр биіктіктегі Алатау бөктері. Осы аймақтың (Алматы қаласы және Алматы облысы) топырақ және климаттық жағдайларының үйлесуі апорттың дәміне, құрылымына және сыртқы түріне әсер етеді. Апорт ұмытылмас иісімен, 700 граммға дейін жететін ірілігімен, ерекше түсі және шығу тарихымен Қазақстан өнімінің жоғары сапасының кепілі және бренді.
Адами фактор ықпал еткен тауарларға: швейцариялық сағат, богемия шынысы, иран кілемдері және т.б. жатқызуға болады.
ГН ТІРКЕУГЕ КІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР?
Географиялық нұсқама, әдетте, ұжымдық құқық болып табылады.
Өндірушілер оларды ұсынатын кооператив немесе қауымдастық сияқты бірлестіктер ретінде ұйымдастырылуы мүмкін және өнімнің белгілі бір келісілген немесе қолданылатын талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді.
Кейбір юрисдикцияларда қорғауды ұлттық құзыретті орган (мысалы, жергілікті билік органы) сұратуы мүмкін. Мысалы, көптеген елдерде ГН ауыл шаруашылығы министрліктеріне тіркеледі.
ҚАНДАЙ ӨНІМДЕР ГН РЕТІНДЕ ТІРКЕЛУІ МҮМКІН?
• Ауыл шаруашылығы өнімдері
• Азық-түлік, гастрономия, дәстүрлі тағамдар
• Шараптар мен спирттік өнімдер
• Қолөнер бұйымдары
• Қызметтер (дәстүрлі медицина)
ГН негізгі функциялары:
• Шыққан жерін көрсету
• Сапа кепілдігі
• Қосымша құн.
ГН ҚОРҒАУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Шығарылған/өндірілген жеріне байланысты тауарлар қосымша құн орнату мүмкіндігіне және тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Маркетингте артықшылықтар алу, ауылдық аудандарды дамыту, танымалдылықты арттыру, туристерді тарту, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, кең экспорттық мүмкіндіктер – ГН қорғау/тіркеу артықшылықтарының аз ғана тізімі.
ГН белгісі өнімді, сондай-ақ, нарықтың барлық қатысушыларын (тұтынушылар мен өндірушілер) біреудің ГН заңсыз пайдаланудан қорғай алады. ГН тұтынушыларға өнімнің шынайы шығу тегі мен сапасына кепілдік береді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАР
Қазіргі уақытта қазақстандық заңнама тауар шығарылған жердің атаулары мен географиялық нұсқамаларды біріктіретін ГН-ды қорғаудың екі құралын көздейді. Қазақстанда ГН-ды құқықтық қорғау 2022 жылдан бастап жүзеге асып келе жатыр.
Ғалымжан ҚУАТБЕКОВ,
облыстық әділет департаментінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді