Биылғы бес айда Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі төрт рет өткізіліп, онда барлығы 25 мәселе қаралды. Оның ішінде 2 тәртіптік іс және 23 профилактикалық мәселелер бойынша сұрақтар көтерілді.
Кеңес отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлығы 91 ұсыным қалыптастырылды, оның екеуі тәртіптік іс, ал қалған 89-ы профилактикалық сұрақтарды қарау нәтижелері бойынша өтті.
Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 2 лауазымды тұлғаға тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды. Оның біреуі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» алса, тағы біреуіне әдеп нормаларын сақтамағаны үшін «сөгіс» түріндегі жаза берілді.
Қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 89 ұсыныс енгізілді. Ол әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара әрекеттесу, қызметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша жасалды.
Одан бөлек, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдаулардың нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары негізінде 1 мемлекеттік қызметшіге қатысты қолданылған тәртіптік жазаның күші жойылды. Сәйкесінше, оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 25 жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, онда барлығы 54 азамат қабылданды.
Одан бөлек, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 68 іс-шара өткізілді.
Оралхан ДӘУІТ,
облыстық мәслихаттың депутаты,
Әдеп кеңесінің мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді