Жаттығудың оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасқан. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өтіп жатыр. Ұқсас оқу-жаттығулар халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде басқару органдарын практикалық оқыту және азаматтық қорғау күштерін даярлау мақсатында азаматтық қорғаудың аумақтық құрылымдарымен, шұғыл әрекет ету жасақтарымен, қажет болған жағдайда азаматтық қорғаудың объектілік құрылымдарымен бірлесе ұйымдастырылады.
Арнайы тактикалық оқу-жаттығуға облыстың жергілікті атқарушы органдары мен төтенше жағдайлар департаменті қатысты. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары, ерікті өртке қарсы құрылымдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, медицина қызметкерлері, полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу барысында ауылдық округтердің ерікті өртке қарсы құрылымдарын хабардар ету, жинау және өрт орнына келу тәртібі, олардың өрт сөндіру жөніндегі іс-қимылдарын ұйымдастыру, өрт болған жерге жеке құрамның, штаттық қызметкерлердің және техниканың хабарлау схемасы және жедел келу тәртібі, Жамбыл облысы аумағында болуы мүмкін табиғи өрттерді, сондай-ақ трансшекаралық аумақта өрттерді жою кезіндегі өзара іс-қимыл жасау сияқты жедел әрекеттер пысықталды. Жамбыл облысы бойынша жаттығуларға барлығы 800-ден астам адам және 188 техника жұмылдырылды. Жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалар мен қатысушылардың өзара іс-қимылына талдау жүргізілді.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді