Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Жуалы ауданында өткізілді
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2024
- 667
Ашық әрі жариялы түрде өткен кеңес отырысына Жуалы ауданы ауылдық округтері әкімдері мен салалық бөлімдердің басшылары қатыстырылды.
Кеңес отырысында жалпы 8 сұрақ қаралған, оның ішінде 1 тәртіптік іс және 7 профилактикалық мәселелер.
Мәселен, әдеп нормаларын сақтамау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының Шу аудандық аумақтық инспекциясының басшысы С.Ж.Бексултановқа қатысты жүргізілген қызметтік тергеп-тексерудің қорытындылары қаралып, нәтижесінде әдеп нормаларын бұзғаны үшін аталған мемлекеттік қызметшіге «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Одан бөлек, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шаралар туралы Жуалы және Қордай аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды.
Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған бағытта жұмыстарды күшейту жөнінде ұсынымдар енгізілді.
Сондай-ақ, Жуалы ауданы әкімі аппаратының және Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметіне жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалады.
Одан бөлек, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен атқарылған жұмыстарына жүргізілген талдаулардың нәтижелері қаралады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына орындалуы тиіс ұсыныстар берілді.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысымен танысып, тәртіптік жаза қолдану практикасы жөнінде мазмұнды ақпарат алды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар жаппай сенбілікке шықты
- 6 сәуір, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді