Сұңғыланың «қасқыржем» деп аталуына оған түз тағысының үйір болуы себеп. Сәуірдің желді күндері «Құралайдың салқыны» болғанда бөрілер мойылды жейтін көрінеді. Сондай-ақ, тасбақа мен кірпі, қарсақ сұңғыланың тамырын қазып, қорек қылады. Бүгінде өсімдік Мойынқұм ауданында, Бетпақда ламен шектесетін көрші өңірлерде өседі. Сұңғыла 30-40 жылда бір тұқым беретін сексеуілмен қатар, жүзген, қауынның тамырына сүйеніп, бойындағы нәрлі дүниелерді тартып алады.
Сұңғыла жер астынан нәр алу үшін тамырын тереңге жаяды. Оның жер бетіндегі діңінің биіктігі 40-50 сантиметр болса, құм астындағы тамырының ұзындығы 1,2 метрге дейін барады. Халқымыздың арыдан ойлайтын кемеңгер тұлғаға қарата сұңғыла саясаткер, сұңғыла суреткер деуі де содан болса керек.
Шығыс медицинасына «қасқыржем» емдік қасиетімен ертеден белгілі. Ықылым заманда-ақ, бұл гүлдің тамырын емшілер цистит және пелионефритке қарсы қолданған. Сонымен қатар, ми мен денені байланыстырып, қимыл-қозғалысқа келтіретін жүйке жүйесін барлық зиянды факторлардан қорғайды. Гүл тамырын бүйрек ауырғанда, еркектің белқуатынан айырылғанда пайдаланады. Көктемде тез бой көтеріп, жаз шыға бере сабағы қурап қалатын өсімдікті гүлдей бастаған кезде қажет қылғандар 10-15 күн ішінде теріп үлгеріп қалуға тырысады. Қазылған жерде тарамыстай жұқанасы қалса, жер бетіне қайтадан қаулап шығатын сұңғыланы тұрғындар арамшөп қатарына да қосады. Тіпті, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романының бір бөлімі осы емдік шөп атауымен аталады.
Сұңғыланың заманауи ғылымда қолданысқа енген тағы бір атауы – цистанхе. Цистанхе Қытай медицинасында екі мың жылдан бері қолданылады. Тек оны қытайлар дәрі ретінде емес, косметика құрамына, биологиялық белсенді қоспаларға қосады. Ал, отандық ғылым саласы сұңғыладан әзірленген шайдың сергектік беру көрсеткіштері жөнінен көк шайдан он есе артық екенін аңғарған.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді