Жаңалықтар
Мойынқұмдықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысты
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2024
- 1.1k
Тазалықты жанына серік еткен мойынқұмдықтар бүгін аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» ескерткішінің айналасына «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жүргізді.
Сенбілік кезінде ескерткіш маңайы толық абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізіліді.
Тағылым мол іс-шараға ардагерлер кеңесінің мүшелері мен белсенді жастар және жергілікті ауыл тұрғындары қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылу қажет деп санаймыз. Себебі мұндай іс-шаралар біз секілді өскелең ұрпақты, замандастарымызды тек ізгілікке ғана тәрбиелейді. Ауылдың тазалығы – елдің ырыс-құты. Тазалық бар жерге бақ та, береке де тұрақтайды, - дейді белсенді жас Айдана Несіпбай
Айта кетейік, өңірде акция басталғаннан бері 1600-ден астам сенбілік өткізіліп, 214 мың адам қоғамдық жұмысқа тартылған.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




