Еліміздің су қоймаларында 12 миллиард текше метр су жиналды
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2024
- 1.0k
Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 миллиард текше метрден астам су жиналды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
- Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді, – дейді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленетін болады.
Мұнымен қоса елдімекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




